Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:47 26.1.2021

1 274 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 18 адам өлімі тіркелді

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққаны тестпен расталғандар 1266 адамға көбейді. Бұл туралы 26 қаңтарда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 8 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. Бір күнде 18 адам өлімі тіркелген: үшеуінің өліміне коронавирус пневмониясы себеп болды деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 179 720 адамға жетті. 161 758-і жазылған. Өткен тәулікте 1445 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2495 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 47 445 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 558 адам қайтыс болған. 35 220 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 27 134 адам емделіп жатыр. 11 667-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 6 576 науқас стационарда емделіп жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 99,6 млн адамға жетті. 54,9 млн адам жазылған. 2,1 млн науқас қайтыс болған.

07:21 26.1.2021

Тағы 1 266 адамның ПТР тесті оң шықты

25 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан 1 266 адам тіркелді. Бұл бір күнгі көрсеткішпен салыстырғанда 186 адамға аз. Өткен тәулікте Ақмола облысында (215) 200-ден астам адамнан коронавирус анықталған.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 21 576 (+91 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 21 408 (+132),

Шығыс Қазақстан облысында - 19 880 (+45),

Атырау облысында - 15 682 (+84),

Қарағанды облысында - 13 387 (+79),

Павлодар облысында - 12 109 (+197),

Батыс Қазақстан облысында - 10 490 (+97),

Солтүстік Қазақстан облысында - 10 324 (+110),

Қостанай облысында - 9 591 (+104),

Ақмола облысында - 9 733 (+215),

Алматы облысында - 8 862 (+71),

Шымкент қаласында - 5 803 (+21),

Жамбыл облысында - 5 447 (+21),

Маңғыстау облысында - 3 973 (+2),

Түркістан облысында - 4 010 (+8),

Ақтөбе облысында - 3 898 (0),

Қызылорда облысында - 3 547 (+3).

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 179 720 адамға жеткен.

16:32 25.1.2021

Оралда денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысын "откат алды" деп айыптады

Орал қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында жемқорлық бойынша айыпталған Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қайыповтың ісі бойынша процесс басталды.

Тергеу органдарының болжамынша, бұрынғы шенеунік былтыр жазда коронавирус індетінің алғашқы толқыны кезінде медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша жасалған келісімнен 10 пайыз "откат" алып, пайда көрген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ол кезде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жалпы сомасы 78,2 миллион теңгеге (қазіргі доллар бағамы бойынша 185 мың доллардан астам) мониторлар сатып алған. Іс материалдарында Қайыповтың "жабдықтар жеткізіліп, құжаттарға қол қойылғаннан кейін пара алғаны" жазылған.

— Келісім жасалғаннан кейін 2020 жылы тамыз айында басқарма жетекшісі Қайыпов жоғарыда айтылған келісімге кедергісіз қол қойып, атқарылған жұмыстарды қабылдап, медициналық жабдықтарды кедергісіз қабылдағаны үшін жалпы соманың 10 пайызын яғни 7,8 миллион теңгені талап еткен, — деді айыптау актісін оқыған прокурор Руслан Жұматаев.

Орал қаласының соты.
Орал қаласының соты.

Сол уақытта жабдықтарды жеткізген "ОрдаМед" компаниясының бас директоры қызметін атқарған Саржан Бөлекова айыптау тарабының айтуынша, басшының талабына "амалсыз көнген". Бөлекова "откат" бермесе, жабдықтарды қабылдамай қояды деп қорыққан және алдағы уақытта компания мемлекеттік сатып алу байқауларына мүлде қатыса алмай қала ма деп қорыққан.

Сотта куәгер ретінде жауап берген Бөлекова ақшаны екіге бөліп бергенін және Қайыповтың өзіне бермегенін айтты. Оның айтуынша, ақшаны қабылдауға Қайыповтың тапсырмасымен Орал қаласының тұрғыны Серік Тұралиев келген.

Ал Болатбек Қайыпов сотта Тұралиевті танымайтынын айтты. Қайыпов та, Тұралиев те айыптарды жоққа шығарды.

Қайыпов сөйлегеннен кейін отырыста үзіліс жарияланды.

Болатбек Қайыпов денсаулық сақтау басқармасын 7 айдан астам уақыт басқарған. Ол басқарма жетекшісі қызметіне былтыр 12 наурызда кіріскен. Қазан айында жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі Қайыпов пен "сыбайластарының" ұсталғанын айтып, қамауға алынғанын хабарлаған.

13:38 25.1.2021

Қазақстанда коронавирус ахуалы қандай?

  • Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, елде қазір Covid індетіне шалдыққан 6827 адам ауруханада жатыр. 311 адамның жағдайы ауыр. 42 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
  • Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішіндегі стационарда 824 адам емделіп жатыр.
  • Қазақстан үкіметі 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе салуды бастайды. Министрлік жыл аяғына дейін 6 миллион адамға екпе салуды жоспарлайды. Алғашқы кезеңде ресейлік екпе салынады.
  • Министрліктің хабарлауынша, Алматы қаласы "қызыл аймаққа" кірді. Қазір бұл аймақта Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтан, БҚО, Атырау, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар облысы бар. "Сары аймаққа" Қарағанды және Алматы облысы енген. Қалған аймақтар "жасыл аймақта". Министрлік вирустың тарауына байланысты елдегі облыстар мен ірі қалаларды "қызыл", "сары" және "жасыл" деп үш аймаққа бөлген. Вирус қатты тарап жатқан облыстар "қызыл", ал вирус жұқтырғандар саны аз облыстар "жасыл аймақта".
  • Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 226 мыңдай адамнан Covid анықталған, 2900-дан аса адам қайтыс болған. 160 мыңдай адам дерттен айықты. Кейбір сарапшылар Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар мен одан қайтыс болғандар саны бұдан әлдеқайда көп деп санайды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG