Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

11:35 23.1.2021

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы ПТР тестімен дәлелденген 1 548 адам тіркелді. "Қызыл аймақта" тұрған астанада ең көп науқас – 235 адам тіркеуге алынған. Қаланы қоршап жатқан Ақмола облысында Covid жұқтырған 209 кісі санаққа кірді.

Қазақстанның ең үлкен қаласы – Алматыда коронавирус инфекциясы 130 адамға жұққан.

Ресеймен шектесетін бірнеше аймақта індет өршіп тұр. Қаупі бойынша "қызыл аймаққа" жатқызылған Павлодар облысында 226, Қостанайда – 170, Солтүстік Қазақстанда – 116, Атырауда – 104, Батыс Қазақстанда – 74, Шығыс Қазақстанда 52 науқас тіркелді.

Алматы облысында – 83, Қарағанды облысында – 78, Жамбылда – 27, Маңғыстау, Ақтөбе және Түркістан облыстарында 11 науқастан, Шымкентте – 8, Қызылорда облысында 3 адам коронавирус жұқтырған.

Өткен тәулікте індеттен 9 адам қайтыс болды.

Қазір 25 983 адам короновирус инфекциясы мен соған ұқсас пневмониядан (14 277 КВИ+ және 11 706 КВИ-) ем алып жатыр, олардың ішінде 6 723 науқас стационарда. 302 адамның жағдайы ауыр, 49 кісінің жағдайы өте ауыр, ал 39 кісі 39 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ресми мәлімет бойынша, былтыр 13 наурызынан бері елде 175 390 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұған "коронавирусқа ұқсас пневмония" дерегі кірмейді, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мұндай науқастарды тамыз айынан бері бөлек санап келеді. Былтыр жаздың алғашқы екі айында елде коронавирус тесті кері нәтиже берсе де, симптомдары соған келетін "түсініксіз" пневмония індеті қатты өршіп, бұған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық ақпарат құралдары назар аударған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, "коронавирусқа ұқсас пневмониямен" осы күнге дейін 47 311 адам тіркеуге алынған, 550 кісі осы науқастан көз жұмған. Ресми мәлімет бойынша, коронавирустың өзінен осыған дейін 2 457 кісі қайтыс болған. Бірақ кей сарапшылар мен дәрігерлер індеттен өлгендер саны бұдан әлдеқайда көп деп топшылайды.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен "соған ұқсас пневмония" дерегін бөлек жариялайды. Ал Америкадағы Джонс Хопкинс университеті Қазақстан берген екі деректі қосып, елде 222 мыңнан астам адам Covid-пен тіркелді, 2,9 кісі қайтыс болды деп көрсеткен.

Жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионға таяп қалды. 2,1 миллиондай кісі осы дерттен көз жұмды.

10:06 22.1.2021

1 526 адамның Covid пен пневмонияға шалдыққаны анықталды, 13 адам өлімі тіркелді

Қазақстанда 21 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан 1 430 адам тіркелді. 96 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 22 қаңтар күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 13 адам өлімі тіркелген: 11 науқас - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғаны хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда наурыз айынан бері 173 412 адамның ПТР тесті оң шыққан. 157 мыңнан астамы жазылған. 2 457 адам коронавирус қайтыс болған.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның Covid-ке ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек тіркеп келеді. Содан бері 47 211 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 549 адам қайтыс болған. 35 мыңға жуығы жазылған.

Аймақтағы пневмония ахуалына байланысты статистиканы билік өте сирек жариялайды. Бірақ ПТР тесті оң шыққан науқастар туралы күн сайынғы мәлімет індеттің барлық аймақта өршігенін көрсетеді. 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында - 231, Павлодар облысында - 235, Алматыда - 130, Ақмола облысында - 163, Атырау облысында - 111, Алматы облысында - 78, Солтүстік Қазақстан облысында - 91, Қарағанды облысында - 75, Қостанай облысында - 125, Батыс Қазақстан облысында - 61, Шығыс Қазақстан облысында - 41, Жамбыл облысында - 19, Түркістан облысында - 13, Маңғыстау облысында - 16, Шымкент қаласында - 14, Ақтөбе облысында - 17, Қызылорда облысында 10 адамнан коронавирус анықталған.

Қазір 25 469 адам коронавирустан емделіп жатыр. 13 788-інің ПТР-тесті оң шыққан. 291 адамның жағдайы ауыр, 50 науқастың хәлі өте ауыр. 39 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде Covid-ке шалдыққан адам саны 97,4 миллионнан асты. 2 млн 88 мыңнан астам науқас қайтыс болды. 53,6 миллионннан астамы аурудан жазылған.

16:11 21.1.2021

Тәжікстанда мешіттер қайта ашылады

Тәжікстанда 1 ақпаннан бастап былтыр көктемде коронавирусқа байланысты жабылған мешіттер қайта ашыла бастайды. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, коронавируспен күрес жөніндегі штаб осындай шешім қабылдаған. Мешітте адамдарға бірге тұрып, намаз оқуға рұқсат етіледі. Тек санитария талаптарын сақтауы тиіс.

Мешіттер алғашында екі аптаға жабылған. 18 сәуірде толық карантинге жіберілді. Тұрғындарға жағдай тұрғақталғанға дейін намазды үйде оқуға кеңес берілді.

Озоди радиосының хабарлауынша, Тәжікстан денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жыл 1 қаңтардан бері науқас тіркелмегенін хабарлаған. Бірақ көптеген тұрғын ресми статистикаға күмән келтіреді.

07:13 21.1.2021

1 180 адамның ПТР тесті оң шыққан

20 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан тағы 1 180 адам тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында 237 науқас анықталған. Павлодар облысы (140) мен Алматыда (115) да жүзден астам адамның ПТР тесті оң шыққан.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 20 579 (+237 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 20 750 (+115),

Шығыс Қазақстан облысында - 19 669 (+31),

Атырау облысында - 15 186 (+82),

Қарағанды облысында - 12 991 (+71),

Павлодар облысында - 11 014 (140),

Батыс Қазақстан облысында - 10 085 (+55),

Солтүстік Қазақстан облысында - 9 787 (+78),

Қостанай облысында - 8 878 (+67),

Ақмола облысында - 8 690 (+132),

Алматы облысында - 8 459 (+82),

Шымкент қаласында - 5 757 (+14),

Жамбыл облысында - 5 342 (+25),

Маңғыстау облысында - 3 922 (+17),

Түркістан облысында - 3 946 (+18),

Ақтөбе облысында - 3 851 (+10),

Қызылорда облысында - 3 506 (+6).

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 172 412 адамға жеткен.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG