Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

13:13 14.1.2021

Олжас Сүлейменов пен әйеліне коронавирус жұқты

Ақын Олжас Сүлейменов пен әйелі Маргарита Владимировнаға коронавирус жұқты. Бұл ақпаратты жергілікті БАҚ хабарлады.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ерлі-зайыптылардың 5 қаңтарда аурухаға түскенін, қазір жағдайы тәуірлегенін айтқан. Дәрігерлер оларды 15 қаңтарда шығаратынын, әрі қарай емді үйде қабылдайтынын хабарлады.

10:31 14.1.2021

ДДСҰ сарапшылары коронавирустың тарауын зерттеу үшін Уханьға келді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары коронавирустың тарауын зерттеу үшін Қытайға келді. Қытайлық БАҚ 10 адамнан құралған халықаралық сарапшылар тобының Уханьға 14 қаңтарда жеткенін хабарлады. Олар 2019 жылдың соңында вирус ошағына айналған қалада бір айға жуық уақыт болады.

АҚШ, Австралия, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланд, Катар, Вьетнам мамандары карантин жағдайында жұмыс істейді. Қытай сарапшыларымен видеомен байланысқа шығып, мәселені талқылап отырады.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус өткен аптада Қытайға сапардың шегерілгеніне өкініш білдірген. Ұйым басшысы 5 қаңтарда Қытай билігі ғалымдардың кіруіне әлі рұқсат бермеді деп мәлімдеген. Соның салдарынан кейбір мамандар елдеріне қайтуға мәжбүр болған. Гебрейесус Қытай билігіне сапардың маңыздылығын анық жеткізгенін атап өткен.

Оның айтуынша, ғалымдар Қытайда коронавирустың адамға алғаш қалай жұққанын анықтауға күш салады.

Бұған дейін коронавирустың жұғу тәсілі жайлы түрлі болжам айтылған. Вирус Уханьдағы базарда сатылған жануарлар еті арқылы адамға жұқты деген болжам да тараған.

Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь 12 қаңтарда тараптар арасында келіссөз жүргеннен кейін Пекин ғалымдардың кіруіне рұқсат бергенін айтты. Министрлік ғалымдар сапарын "коронавирус тегін анықтауды көздеген ғылыми әріптестік негізінде Қытай ғалымдары мен медицина мамандарымен пікір алмасу" мүмкіндігі деп атады.

Лицзянь баспасөз жиыны кезінде вирустың тарауына көптеген елдің қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеді.

"Эпидемиологиялық ахуал өзгерген сайын вирус жайлы біліміміз толығып, ертерек кейстер де анықталып жатыр" деді.

Қытай үкіметі індетті бұзылған теңіз өнімдерін импорттаумен байланыстыруға бейім. Бұл болжамды халықаралық сарапшылар жоққа шығарған.

08:17 14.1.2021

13 қаңтарда мыңға жуық адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

13 қаңтарда Қазақстанда 834 адамның ПТР-тесті оң шықты. 91 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 3 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (123) мен Алматы қалаларында (122) тіркелген. Бір күн бұрын да жағдай осыған ұқсас болған. Атырау облысында - 75, Қостанай облысында - 74, Павлодар облысында - 70, Солтүстік Қазақстан облысында - 59, Ақмола облысында- 59, Алматы облысында - 56, Қарағанды облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 40, Шығыс Қазақстан облысында 39 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 165 311 адамға жеткен.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 46 590 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 532 адам қайтыс болған. 34 209 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 23 608 адам (11 759-ының ПТР-тесті оң шыққан) емделіп жатыр. 272 адамның жағдайы ауыр, 55 науқастың жағдайы өте ауыр. 51 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

07:12 14.1.2021

Бір күнде 834 адамның ПТР-тесті оң шыққан

13 қаңтарда Қазақстанда 834 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (123) мен Алматы қалаларында (122) тіркелген. Бір күн бұрын да жағдай осыған ұқсас болған. Атырау облысында - 75, Қостанай облысында - 74, Павлодар облысында - 70, Солтүстік Қазақстан облысында - 59, Ақмола облысында- 59, Алматы облысында - 56, Қарағанды облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 40, Шығыс Қазақстан облысында 39 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 165 311 адамға жеткен.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG