Өткен тәулікте 12 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
12 қаңтарда Қазақстанда 766 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталды. 124 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Бір күнде 8 адам - коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 164 477 адамға жеткен.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония түрін де Covid деп анықтауға кеңес берген. Бірақ Қазақстанда ПТР-тесті оң шыққандар мен ПТР-тесті теріс, бірақ клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа келетіндер бөлек есептеледі. 1 тамыздан бері 46 499 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 530 адам қайтыс болған. 34 118 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 23 524 адам (11 673-інің ПТР-тесті оң шыққан) емделіп жатыр. 267 адамның жағдайы ауыр, 58 науқастың жағдайы өте ауыр. 42 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Бір күнде 766 адамның ПТР-тесті оң шыққан
12 қаңтарда Қазақстанда 766 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (114) мен Алматы қалаларында (111) тіркелген. Қостанай облысында - 75, Атырау облысында - 73, Ақмола облысында - 63, Алматы облысында - 61, Солтүстік Қазақстан облысында - 54, Павлодар облысында - 48, Батыс Қазақстан облысында - 43, Қарағанды облысында - 39, Шығыс Қазақстан облысында 37 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 164 477 адамға жеткен.
Қырғызстанға Pfizer вакцинасының үлгілері жеткізілді
Қырғызстанға Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцина үлгілері жеткізілді. Мамандар оны қабылдау, сақтау мен егу шарттарын зерттейді. Бұл туралы 12 қаңтарда денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев хабарлады.
"Pfizer вакцинасын пайдалану үшін оны -70 градуста сақтауға мүмкіндік беретін суыту жүйесі болу керек. Өкінішке қарай, бізде мұндай жүйе жоқ. Сол себепті мәселені терең зерттеуіміз керек. Қажет болса, сол суыту жүйесін сатып алу үшін қаражат қарастыруымыз қажет" деді ол.
Вице-министр Pfizer-ден бөлек, мамандардың тағы жеті "кандидат" - вакцинаны зерттейтінін айтты. Арасында ресейлік вакцина да бар.
"Ол жақта (Ресейде) екі вакцина тіркеуден өтті және азаматтық айналымға жіберілді, яғни жаппай иммунизацияда пайдаланылып жатыр. Бұл процесті де зерттейміз. Ең қолайлы нұсқаны таңдаймыз, вакцина сапасы, суыту жүйесімен қамтамасыз ету мүмкіндігі, мамандар дайындығы, егу бағдарламасын жүзеге асыру сияқты жайттарды ескереміз" деді Усенбаев.
Желтоқсан айының соңында Еуроодақ тұрғындарға коронавирусқа қарсы вакцина еге бастаған. Еурокомиссиясы оның алдында батыс компаниялары әзірлеген Pfizer/BioNTech вакцинасын мақұлдаған. АҚШ-та да бұл препарат мақұлданған.
Бұл вакцинаның тиімділік көрсеткіші 95 пайызды құрайды. Вакцина минус -70 градуста сақталуы тиіс. Тасымалдауға ыңғайлы болу үшін компания вакцинаны ұзақ уақыт аралығында сақтауға мүмкіндік беретін арнайы ыдыс жасап шығарған. Мұндай ыдыс қажетті температураны 10 күн бір деңгейде ұстап тұра алады деп айтылады. Бұл вакцинаны әлем елдеріне тасымалдауға мүмкіндік береді. Флакон ерітілгеннен кейін оны суық күйінде 5 күнге дейін сақтауға болады.
11 қаңтарда 25 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған
11 қаңтарда Қазақстанда 25 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 9 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 12 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония түрін де Covid деп анықтауға кеңес берген. Бірақ Қазақстанда ПТР-тесті оң шыққандар мен ПТР-тесті теріс, бірақ клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа келетіндер бөлек есептеледі. 1 тамыздан бері 46 375 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 526 адам қайтыс болған. 33 945 адам жазылған.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 163 711 адамға жеткен, 2369-ы қайтыс болған. 149 843 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 23 403 адам (11 577-інің ПТР-тесті оң шыққан) емделіп жатыр. 283 адамның жағдайы ауыр, 57 науқастың жағдайы өте ауыр. 47 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
ПІКІРЛЕР