Душанбенің "коронавирусты жеңгені" рас па?
Бір күнде 730 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 7 науқас қайтыс болды
4 қаңтарда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен расталған 723 адам анықталды, 7 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Covid-тен - 3 адам, коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 5 қаңтар күнгі хабарламасында осындай мәлімет жазылған.
Дүйсенбі күні Атырау облысында - 149, Алматы қаласында - 92, Нұр-Сұлтанда - 68, Ақмола облысында - 59, Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында - 57 адам, Павлодар облысында 40 адамнан коронавирус анықталды.
Наурыз айынан бері 158 302 адамның ПТР-тесті оң шыққан: 145 194-і жазылған. 2 339-ы қайтыс болған.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, ауру лаборатория арқылы расталмаған пневмониямен ауырғандардың статистикасын былтырғы 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Оған дейін бұл аурумен қанша адам ауырғаны белгісіз. Содан бергі кезеңде мұндай пневмониямен 45 991 адам тіркелді, 513 науқас қайтыс болды.
АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырған 85,6 миллион адам тіркелген. 48 миллион кісі бұл дерттен жазылып шықса, 1 млн 851 мың адам көз жұмған.
Covid: Ұлыбританияда карантин тағы күшейді
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 4 қаңтарда кешке коронавирусқа байланысты Англия аумағында жаппай карантин енгізілгенін хабарлады.
Жаңа ереже бойынша, тұрғындар тек өте қажет жағдайда ғана сыртқа шыға алады. Дүкендер мен кәсіпорындардың басым бөлігі жабылады, мектептер қашықтан оқуға көшеді.
Англия аумағында коронавирусқа байланысты осымен үшінші рет локдаун енгізіліп отыр. Алғаш рет - наурыз айында, екінші рет қарашада қатаң карантин болған. Желтоқсан басында жағдай тұрақталған кезде карантин алынды. Алайда айдың соңында Лондон мен Англияның оңтүстік-шығысында коронавирус жұққандар күрт көбейіп, коронавирустың жаңа штамы тарады.
Лондон мен айналасындағы елді мекендерде қатаң шектеу енгізілді, алайда бұл вирустың тарауын тоқтата алмады. Сол себепті үкімет жаңадан локдаун енгізуге мәжбүр болды. Ол ақпан айының соңына дейін жалғасады деп айтылады.
Джонсонның сөзіне қарағанда, желтоқсан айының басында елде коронавирусқа қарсы жаппай егу басталған. Шамамен миллион тұрғынға вакцина егілген. Ақпан айының ортасына таман тәуекел топтардың басым бөлігіне вакцина егіліп болады. Содан соң карантин де бәсеңдеуі мүмкін.
4 қаңтарда Ұлыбритания билігі AstraZeneсa және Оксфорд университетінің ғалымдары жасаған коронавирус вакцинасын тұрғындарға еге бастаған. Оның алдында Pfizer корпорациясының вакцинасын да пайдалана бастаған.
Ұлыбританияда коронавирус жұққандар 2,5 млн адамнан асты. 75 мыңнан астамы қайтыс болды. Соңғы кезде күніне 50 мың адамнан коронавирус анықталып жүр. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген ең жоғары көрсеткіш.
Ұлыбритания Oxford-AstraZeneca екпесін егуді бастады
Бүгін, 4 қаңтарда Ұлыбритания коронавирусқа қарсы Oxford-AstraZeneca вакцинасын егуді бастады. Билік қазір қолдарында екпенің 530 мыңдай дозасы барын мәлімдеді. Бұған дейін Ұлыбритания Pfizer-BioNTech екпесін салуға рұқсат берген. Жексенбі, 3 қаңтарда Ұлыбританияда елу мыңнан астам адамнан коронавирус табылды.
ПІКІРЛЕР