Өткен тәулікте Қазақстанда Covid жұқтырған 645 адам, соған ұқсас пневмониямен ауырған 38 адам тіркелді, жеті кісі коронавирус инфекциясынан, бір кісі соған ұқсас пневмониядан көз жұмды.
4 қаңтардың таңындағы мәлімет бойынша, былтырғы 13 наурыздан бері Қазақстанда диагнозы лабораториялық зерттеу нәтижесінде нақтыланған 157 579 науқас тіркелді. Бұл инфекциядан жалпы саны 2336 адам көз жұмды.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, ауру лаборатория арқылы расталмаған пневмониямен ауырғандардың статистикасын былтырғы 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Оған дейін бұл аурумен қанша адам ауырғаны белгісіз. Содан бергі кезеңде мұндай пневмониямен 45 984 адам тіркелді, 509 кісі қайтыс болды.
Қазір 22 710 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 10 533 адамның ауруы тест арқылы расталған, 288 науқастың халі нашар, 49 кісінің жағдайы өте нашар, 41 адам өкпе желдету аппаратында жатыр.
4 қаңтардың таңындағы аймақтардағы жағдай:
- Шығыс Қазақстан облысы – 18 994 (+48);
- Алматы қаласы – 18 847 (+105);
- Нұр-Сұлтан қаласы – 18 709 (+58);
- Атырау облысы – 13 741 (+51);
- Қарағанды облысы – 12 217 (+27);
- Батыс Қазақстан облысы – 9 322 (+35);
- Павлодар облысы – 9 408 (+72);
- Солтүстік Қазақстан облысы – 8 799 (+56);
- Қостанай облысы – 7 740 (+58);
- Ақмола облысы – 7 422 (+58);
- Алматы облысы – 7 268 (+38);
- Шымкент қаласы – 5 517 (+1);
- Жамбыл облысы – 5 039 (+9);
- Маңғыстау облысы – 3 748 (+13);
- Ақтөбе облысы – 3 707 (+3);
- Түркістан облысы – 3 697 (+10);
- Қызылорда облысы – 3 404 (+3).
АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырған 85,1 миллион адам тіркелген. 47,8 миллион кісі бұл дерттен жазылып шықса, 1,84 миллион адам көз жұмған.
Өткен тәулікте (2 қаңтар) Қазақстанда коронавирус инфекциясымен 714 адам, ал соған ұқсас пневмониямен 7 адам тіркелді, тоғыз кісі көз жұмды.
Ресми мәлімет бойынша, елде 2020 жылғы 13 наурыздан бері Covid инфекциясы лабораторияда дәлелденген 156 934 кісі тіркелген, осы аурудың салдарынан 2 330 адам көз жұмған.
Денсаулық сақтау министрлігі ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсайтын, бірақ лаборатория әдісімен тексергенде ағзасынан Covid табылмаған науқастар статистикасын былтырғы тамыздан бері жүргізіп келеді. Содан бері мұндай пневмониямен ауырғандар саны 45 946-ға жеткен, 508 адам қайтыс болған, соңғы тәулікте үш адам көз жұмды.
Қазір жалпы саны 22 833 адам ем қабылдап жатыр, олардың 10 646-ның дерті ПТР әдісімен расталған. 266 кісінің халі нашар, ал 54 адамның жағдайы өте ауыр, өкпе желдету аппаратында 45 адам кісі жатыр.
Өңірлерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көрсеткіші:
- Алматы қаласы – 18 742 (+103);
- Павлодар облысы – 9 336 (+92);
- Атырау облысы – 13 690 (+81);
- Нұр-Сұлтан – 18 651 (+63);
- Қостанай облысы – 7 682 (+59);
- Ақмола облысы – 7 364 (+59);
- Солтүстік Қазақстан облысы – 8 743 (+57);
- Алматы облысы – 7 230 (49);
- Шығыс Қазақстан облысы – 18 946 (+41);
- Қарағанды облысы – 12 190 (+40);
- Батыс Қазақстан облысы – 9 287 (+31);
- Маңғыстау облысы – 3 735 (+11);
- Түркістан облысы – 3 687 (+9);
- Жамбыл облысы – 5 030 (+8);
- Қызылорда облысы – 3 401 (+7);
- Ақтөбе облысы – 3 704 (+4);
- Шымкент қаласы – 5 516 (0).
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде 84,5 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 47,5 миллион адам жазылып шыққан, ал 1,83 миллион адам осы дерттен көз жұмған.
Қазақстанда Covid жұқтырғандар бір күнде 747 адамға көбейді
1 қаңтар күні Қазақстанда 747 адамның тест нәтижесі коронавирус инфекциясын жұқтырғанын анықтаған. Алматы қаласы мен Павлодар облысында тәулік ішінде тіркелген науқастар жүзден асады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бұған қоса 99 адам коронавирусқа ұқсас пневомния шалдыққан. Covid салдарынан сегіз, оған ұқсас пневмониядан екі адам көз жұмған.
Алматы қаласында Covid жұқтырғандар қатары 118 адамға көбейген, Павлодар облысында 113 науқас анықталды.
Ең төмен көрсеткіш Қызылорда (2), Түркістан облыстарында (3) және Шымкент қаласында (4) тіркелді.
Өзге аймақтар бойынша ахуал мынадай:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 67;
- Ақмола облысы - 58;
- Ақтөбе облысы - 10;
- Алматы облысы - 47;
- Атырау облысы - 65;
- Шығыс Қазақстан облысы - 38;
- Жамбыл облысы - 15;
- Батыс Қазақстан облысы - 35;
- Қарағанды облысы - 40;
- Қостанай облысы - 60;
- Маңғыстау облысы - 14;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 58.
2020 жылдың наурызынан бері Қазақстанда жиынтығы 156220 адамға коронавирус инфекциясы жұққан. 143607 науқас дерттен жазылған.
Коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бері есепке алып келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясымен ауырғаны белгісіз. Ол жайлы мәлімет жарияланбады. 1 тамыздан бері елде 45 939 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 505-і қайтыс болған. 33 235 науқас айыққан.
ДДСҰ Pfizer вакцинасын Covid-ке қарсы жедел қолдануға рұқсат етті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Pfizer мен BioNTech компаниялары шығаратын вакцинаны Covid-ке қарсы жедел қолдануға рұқсат берді. Вакцина қауіпсіздігі пен тиімділігі жағынан талапқа сай келеді, қатерлі дертке қарсы пайдалануда артықшылықтары бар деп мәлімдеді ұйым.
ДДСҰ коронавирус инфекциясына қарсы күресуге қажет, бірақ сынақ нәтижелері әзірге көпшілікке белгісіз дәріге жедел рұқсат беріп отыр. Бұл шешім әлем елдеріне лицензия берудің ішкі тәртібін жеделдетуге мүмкіндік береді, ал БҰҰ енді вирусқа қарсы вакцинаны мұқтаж елдерге сатып алуды бастай алады.
Pfizer/BioNTech вакцинасын АҚШ пен Еуропа одағында Covid-ке қарсы қолданады. Ал Ресей өзі шығарған "Спутник V" вакцинасын егуді бастаған.
Осы кезге дейін әлемде 84 миллионға жуық адамға коронавирус инфекциясы жұққан. Екі миллионға жуық адам вирус салдарынан қайтыс болған. Әлемде вирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында АҚШ тұр, бұл елде 20,5 миллион адам ауырып, 350 мыңнан астам адам көз жұмған.
ПІКІРЛЕР