Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:07 20.12.2020

Лондонда Covid-тің жаңа штамына байланысты 4-деңгейлі локдаун енгізілді

Ұлыбритания премьер-министір Борис Джонсон Лондон ауруханасында. 8 желтоқсан 2020 жыл.
Ұлыбритания премьер-министір Борис Джонсон Лондон ауруханасында. 8 желтоқсан 2020 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сенбі, 19 желтоқсан күнгі баспасөз мәслихатында Covid-тің жаңа штамына (оның аты – VUI-202012/01) байланысты Лондонда және Англияның оңтүстік-шығысында жексенбіден бастап төртінші деңгейлі локдаун енгізілетінін мәлімдеді. Джонсонның сөзінше, жаңа штамм қазіргісінен де қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы британиялық BBC хабарлады.

Алайда премьер-министрдің пандемиямен күрес жөніндегі кеңесшілері Covid өлімінің артуына не вакцинациялау процесінің өзгеруіне әкелетін ешқандай көрсеткіш жоқ дейді.

Осыған дейін Ұлыбритания заңында карантин шектеулерінің тек үш деңгейі ғана қарастырылған. Осы күнге дейін ел локдаунның үшінші деңгейінде болған. Оның өзі "аса жоғары эпидемиялық қауіп төнгенде" енгізіледі.

Мұның алдында ел билігі Рождество мерекесіне қарай карантин шектеулерін жеңілдететінін хабарлаған. Бірақ жаңа ахуал үкіметтің бұл шешімді қайта қарауына әкелді. Төртінші деңгейлі локдаун аясында адамдарды үйден шықпауға шақырып, дүкендер жабылып жатыр. Тек шаштараз және спорт клубтары секілді аса қажет қызмет орталықтары жұмыс істейді.

Әртүрлі үйдің адамдары тек көшеде және бірге-бір сөйлесе алады.

  • Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, коронавируспен тіркелген науқастар саны әлем бойынша 76,2 миллион адамға жеткен. Оның ішінде аурудан емделіп жатқаны 33 миллион адамнан асады, 43 миллионнан астам адам жазылып шыққан.
  • Індет басталғалы коронавирустан ресми түрде 1,7 миллионға жуық адам қайтыс болды
08:28 20.12.2020

Covid-пен 652 науқас тіркелді. Бұл – кейінгі айдағы ең төмен көрсеткіш

Коронавирус пандемиясы кезінде автобус аялдамасында тұрған әйел. Алматы, 9 желтоқсан 2020 жыл.
Коронавирус пандемиясы кезінде автобус аялдамасында тұрған әйел. Алматы, 9 желтоқсан 2020 жыл.

19 желтоқсан күні Қазақстанда 652 адам коронавирус инфекциясымен тіркелді. Бұл – 16 қарашадан бергі ең төмен көрсеткіш. Сол күні 602 науқас тіркелген.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 18211 (+60 адам жаңадан қосылды),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -17555 (+68),
  • Алматы қаласында – 17460 (+51),
  • Атырау облысында – 12512 (+74),
  • Қарағанды облысында – 11666 (+32),
  • Батыс Қазақстан облысында – 8782 (+37),
  • Павлодар облысында – 8246 (+80),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 7903 (+66),
  • Қостанай облысында – 6810 (+66),
  • Ақмола облысында – 6573 (+59),
  • Алматы облысында – 6475 (+25),
  • Шымкент қаласында -5452 (+3),
  • Жамбыл облысында – 4840 (+6),
  • Ақтөбе облысында -3623 (+8),
  • Түркістан облысында – 3575 (+4),
  • Маңғыстау облысында – 3561 (+12),
  • Қызылорда облысында -3340 (+1).

Тәулік ішінде 824 адам Covid ауруынан жазылып шыққан.

Осымен коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар саны 146 584 адамға жетті. Оның ішінде 130 776 адам жазылған, 2186 адам қайтыс болған. Covid ­өлімі дерегіне коронавиус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. Пневмонияның бұл түріне тамыздың басынан 20 желтоқсанға дейін 44 385 адам шалдыққан. Оның 474-і қайтыс болған.

07:46 20.12.2020

Үкімет: Қазақстан 3 мың еріктіге отандық Covid вакцинасын салуды бастады

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан QazCovid-in деп аталатын вакцинасын үш мың еріктіге салуды бастады. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің сайтында хабарланды.

Үкімет хабарламасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынаудың 1-2 фазаларын жүргізген, сынақ вакцина тиімділігі 96 пайыз деп көрсеткен.

"Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңінің басталуын мақұлдады. Бүгінде алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында, ҒЗИ-да отандық вакцинамен егілді. 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцинациялау аяқталады. III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылады" делінген үкімет хабарламасында.

Отандық вакцинаны жаппай салу 2021 жылдың наурызында басталатынын, екпенің алдымен медқызметкерлерге, педагогтерге және созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға жасалады, деп келтіреді хабарлама премьер-министр Асқар Маминнің сөзін.

Премьер-министрдің сөзіне қарағанда, Жамбыл облысында салынып жатқан вакцина өндіретін зауыт та 2021 жылғы наурызда іске қосылады. Зауыт жылына 60 миллион доза өндіреді деп жоспарланып отыр. Осыған дейін бұл жобаға жеті миллиард теңге бөлінгені хабарланған.

Мұның алдында Қазақстан билігі елде ресейлік "Спутник V" вакцинасы өндірілетінін мәлімдеген. Өткен айдың ортасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен ресейлік вакцинаны өндіретін зауытты салу жөнінде келісімге келгенін мәлімдеген.

  • Қазақстан уәкілетті мекемелері клиникалық сынақтың барлық фазасына өткен, тіркеу талаптарын орындаған вакцинаны ғана сатып алатынын бірнеше рет мәлімдеді.
  • Қараша айында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері сенімді вакцинаға ресейлік екпені, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген екпені және Оксфорд университетінің AstraZeneka компаниясымен бірге әзірлеген екпесін жатқызатынын айтты.
  • Ресейлік "Спутник V1" вакцинасы ресми түрде 11 тамыз күні тіркеліп, коронавирусқа қарсы вакциналардың ішінде тіркеуден бірінші болып өтті. Бірақ вакцина тіркеуге дейін клиникалық сынақтың тек екі фазасынан ғана өтті. Яғни сынақ тек ондаған адамға ғана жүргізілген. Кейінірек үшінші фаза барысында вакцинаның тиімділігі 95 пайыз деп жарияланды. Сынақ нәтижесінің тәуелсіз сараптамасы әлі жоқ. Вакцинаны өндіруге байланысты бірқатар мәселенің бары хабарланды.
  • Батыс елдерінде вакциналар жедел мақұлданып жатыр. АҚШ билігі алдымен Pfizer/BioNTech вакцинасы, кейін Moderna вакцинасын мақұлдады. Ұлыбритания мен Канада Pfizer/BioNTech вакцинасын қолдануды бастап кетті.
12:30 19.12.2020

Бельгия шенеунігі Covid вакцинасының бағасын абайсызда жариялап қойды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бельгияда шенеунік үкіметтің Covid ауруына қарсы вакцинаны қандай бағаға сатып алғаны жөніндегі құпия ақпаратты абайсызда жария етті.

Бельгиялық HLN ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Бюджет және тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі статс-хатшы Ева де Блеекар Twitter-аккаунтында Бельгия үкіметі сатып алып отырған вакцинаның бағасы және сомасы көрсетілген твит жариялады.

Жазбаға қарағанда, Бельгия вакцинаның 33 миллион дозасын сатып алмақ және ол үшін 280 миллион евро төлемек. Твитпен бірге жарияланған кестеде AstraZeneca вакцинасының бір дозасы 1 евро 78 тиын екені көрінеді. Бұл – әзірге ұсынылып отырған вакциналардың ішіндегі ең арзаны. Ең қымбаты – Moderna компаниясының вакцинасы. Оның бір дозасы 18 доллар тұрады.

Еурокомиссия вакцина өндірушілерімен жасасқан келісімшартқа сілтеп, вакцина бағасын құпия ұстап отыр, сол себепті Twitter-дегі жазба дереу өшірілді. Алайда жария болып үлгерген дерекке көпшілік назар аударып үлгерді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG