Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:35 19.12.2020

Covid дерегі. Бір күнде 719 науқас тіркелді, ең үлкен өсім Атырау облысында

Адамдардың дәмханаға берген тапсырысын үйіне жеткізетін курьер. Алматы 9 желтоқсан 2020 жыл.
Адамдардың дәмханаға берген тапсырысын үйіне жеткізетін курьер. Алматы 9 желтоқсан 2020 жыл.

Қазақстанда 18 желтоқсан күні 719 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб Telegram-каналында хабарланды.

Кейінгі айларда күнделік науқастар саны тұрақты түрде жүзден асып, бұл көрсеткіш бойынша өзге аймақтардан едәуір жоғары болып келген солтүстік облыстарда вирус жұқтырғаны расталғандар тәулік сайын азайып келеді.

Мәселен, шарықтау шегінде 353 науқас тіркелген Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 63 науқас анықталған. Қараша айында вирус жұқтырғандар күн сайын жүзден асып келген Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облысында күнделік көрсеткіш біртіндеп азайып, 18 желтоқсан күні коронавируспен екі облыста 64 және 95 адам тіркелді.

Ал Желтоқсан айында індеттің тарауы күрт өршіп, қызыл аймаққа кірген Нұр-Сұлтан қаласында да жағдай тұрақтаған көрінеді. 16 желтоқсанда 111 науқас анықталса, 17 желтоқсанда 54, 18 желтоқсанда 55 науқас тіркелген.

Тек Атырау облысында ғана айтарлық өсу байқалып отыр. Қараша айында Covid науқастарының күнделік саны 20-дан аспай келген бұл облыста желтоқсан айында вирус жұқтырғаны расталғандар саны біртіндеп арта бастаған. Облыста 17 желтоқсанда 60 науқас тіркелсе, 18 желтоқсан күні 95 науқас тіркелген.

Қалған аймақтарда жағдай салыстырмалы түрде бірқалыпты.

Қазақстанда вирус жұқтырғаны расталған адамдардың саны осымен 145 932-ге жетті. Бұл статистикаға ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясы науқастарының саны қосылмаған.

Коронавирус пневмониясының есебін Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Пневмонияның бұл түрімен 18 желтоқсанға дейін 44 338 адам тіркелген. Оның 468-і қайтыс болған.

10:43 18.12.2020

Қазақстанда өткен тәулікте (17 желтоқсан) 690 адамда коронавирус инфекциясы ПТР арқылы расталса, соған ұқсас пневмониямен тек 24 адам тіркелді. Бұл туралы инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми сайты жазды. Көрсеткіштердің азаюы індеттің бәсеңдегенін білдіре ме, әлде мереке күндеріне байланысты тест тапсырғандар аз болды ма, ол жағы беймәлім.

Өткен тәулікте коронавирустан 7 кісі, пневмониядан 2 кісі көз жұмды.

Covid расталған адамдардың тіркелуі бойынша солтүстік және шығыс аймақтар әлі де алда тұр. Өткен тәулікте Павлодар облысында коронавируспен 98 адам, Қостанай облысында – 68, Шығыс Қазақстан облысында – 65, Солтүстік Қазақстан облысында – 64, Ақмола облысында – 57 адам тіркеуге алынды. Алматы (66 адам) және Нұр-Сұлтан (54 адам) қалалары да алдыңғы қатарда тұр. Атырау (60), Алматы (43), Батыс Қазақстан (36), Қарағанды (31), Жамбыл (25) облыстарында ауырғандар көбейгені байқалады. Оңтүстік аймақтарда бұл инфекциямен тіркелгендер аз.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар - 145 213 адам, ал 1 тамыздан бастап соған ұқсас пневмонияға шалдыққандар - 44 338 адам. Ресми есеп бойынша, жалпы 2 641 кісі көз жұмды.

Ауырғандардың басым көпшілігі жазылып шыққан. Өткен тәулікте 561 адам бұл дерттен айықты. Қазір коронавирус пен белгілері соған ұқсас пневмониядан 25 мыңдай кісі емделіп жатыр.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ауырып жатқандардың 242-сінің халі ауыр, 35-інің жағдайы өте ауыр. 40 науқас өкпе желдету аппаратына қосылған.

09:54 17.12.2020

16 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус дерті ПТР арқылы расталған 788 адам, ал осы инфекция белгілері бар пневмониямен 159 адам тіркеуге алынды. 7 адам қайтыс болды.

Covid жұқтырғандардың аймақтар бойынша статистикасына қарасақ, Ресеймен шекаралас солтүстік және шығыс аймақтарда эпидемиялық ахуал күрделірек. Өткен тәулікте Павлодар облысында дерті ПТР-мен расталған 88 адам, Қостанайда - 70, Шығыс Қазақстан облысында - 69, Солтүстік Қазақстан облысында 65 адам тіркелді.

Басқа аймақтарда вирус жұқтырғандар едәуір аз.

Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомоствоаралық комиссия ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте Covid-тен 746 адам, ал пневмониядан 158 адам емделіп шыққан.

Жалпы ел бойынша осы уақытқа дейін коронавируспен ауырғандар саны 144 523 адамға, ал соған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны 44 314 адамға жетті. Пневмония көрсеткіштері биылғы 1 тамыздан бастап саналады. 160 731

Ресми мәлімет бойынша, коронавирус пен белгілері соған ұқсас пневмониядан 2 613 кісі көз жұмды, қалғандары емделіп шықты. Дәл қазір 25 мыңға жуық адам емделіп жатыр.

09:34 16.12.2020

Covid: 930 науқас анықталды, 7 адам қайтыс болды

15 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген 749 адам анықталды, 181 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, олардың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында (86) тіркелген. Павлодар облысында - 80, Алматы қаласында - 77, Қостанай облысында - 70, Солтүстік Қазақстан облысында 65 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Наурыз айынан бері 143 735 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 159 адам Covid-тен қайтыс болған. 128 218 адам жазылған.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 44 155 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 31 767-і жазылған. 466 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған.

Қазір 13 мыңнан астам- коронавирустан, 12 мыңға жуық адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. 4 163 пациент стационарда жатыр. 251 адамның жағдайы - ауыр, 38 адамның жағдайы - өте ауыр, 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус статистикасына күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, билік науқастар санын азайтып көрсетуі мүмкін.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG