Бір күнде 683 науқас анықталды, 9 адам қайтыс болды
14 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген 661 адам анықталды, 22 адамнан коронавирус пневмониясы табылды. Бір күнде 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, олардың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. 2 адамның өліміне коронавирус пневмониясы себеп болған.
Өткен тәулікте Алматы қаласында - 74, Қостанай облысында - 72, Павлодар облысында - 71, Солтүстік Қазақстан облысында - 70, Ақмола облысында - 68, Нұр-Сұлтанда 47 адамнан коронавирус анықталған.
Наурыз айынан бері 142 986 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 152 адам Covid-тен қайтыс болған. 127 096 адам жазылған.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 43 974 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 31 609-ы жазылған. 466 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған.
Қазір 14 мыңға жуық адам - коронавирустан, 12 мыңға жуық адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. Коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастардың 4 187-і стационарда емделіп жатыр. 239 адамның жағдайы - ауыр, 37 адамның жағдайы - өте ауыр, 37 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус статистикасына күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, билік науқастар санын азайтып көрсетуі мүмкін.
Павлодар облысы "қызыл аймақтан" шықты
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, Павлодар облысы коронавирус бойынша "қызыл аймақтан" шыққан. Осылайша қазір "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалған. Астанада 13 желтоқсанда 67 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Дегенмен бұл тәулік бойынша ең жоғары көрсеткіш емес. 13 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында - 78, Қостанай облысында - 74, Павлодар облысында - 73, Алматы қаласында - 72, Ақмола облысында - 71, Солтүстік Қазақстан облысында - 68 науқас тіркелген.
Қазір "сары аймақта" - Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, "жасыл аймақта" - Шымкент, Алматы облысы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.
Бір күнде 764 науқас анықталды, 7 адам қайтыс болды
13 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген 747 адам анықталды, 17 адамнан коронавирус пневмониясы табылды. Бір күнде 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, барлығының ПТР-тесті оң шыққан.
Өткен тәулікте ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (78) тіркелген. Қостанай облысында - 74, Павлодар облысында - 73, Алматы қаласында - 72, Ақмола облысында - 71, Солтүстік Қазақстан облысында - 68, Нұр-Сұлтанда 67 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір тәулік ішінде анықталған науқастар 60-қа жетпейді.
Наурыз айынан бері 142 325 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 145 адам Covid-тен қайтыс болған. 126 182 адам жазылған.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 43 952 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 31 519-ы жазылған. 464 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған.
Қазір 14 мыңға жуық адам - коронавирустан, 12 мыңға жуық адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. Коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастардың 4 139-ы стационарда емделіп жатыр. 240 адамның жағдайы - ауыр, 35 адамның жағдайы - өте ауыр, 40 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус статистикасына күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, билік науқастар санын азайтып көрсетуі мүмкін.
Оңтүстік Корея президенті індетті тежей алмаған билік үшін халықтан кешірім сұрады
Оңтүстік Кореяда бір күнде анықталған тест қорытындысы 1030 адамның Covid жұқтырғанын анықтаған. Коронавирус пандемиясы басталғалы бері Оңтүстік Кореяда алғаш рет бір күнде осынша көп науқас тіркеліп отыр деп хабарлады жексенбі, 13 желтоқсан күні Батыс басылымдары.
Осыдан бір күн бұрын елде 950 адамның тест қорытындысы оларға вирус жұққанын анықтаған еді. Бірақ жексенбідегі көрсеткіш бұдан да асып кетіп отыр. 12 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин жағдайдың өте ауыр екенін айтып, коронавирус пандемиясының екінші толқынын ауыздықтауға биліктің қауқарсыз болып отырғаны үшін елден кешірім сұрады.
Вирус жұқтырған науқастардың басым көпшілігі Сеулдегі ауданнан анықталып жатыр деп хабарлайды ресейлік "Интерфакс". Елде қатаң шектеу шарасы енгізілгенімен індет бой бермей, жағдай күрделі болып тұр. Коронвирус қаупіне байланысты 50-ден көп адам қатысатын шара өткізуге тыйым салынған, спорт жарыстары көрерменсіз өтеді. Дәмханалар тапсырыс бойынша тамақты үйге жеткізіп беруге көшкен, ресторандар сағат 21:00-де жабылады.
Билік бұдан да қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр болуы мүмкін екенін айтады. Мысалы, мектептерді жауып, қатысушы саны 10 адамнан аспайтын шараға, сол сияқты, жұмысын қашықтан істеуге келмейтін ең маңызды қызметкерлерге ғана жұмыс орнына баруына рұқсат берілуі мүмкін.
Оңтүстік Кореяда пандемия басталғалы бері 42,7 мың кісіге коронавирус жұққан, 580 адам қайтыс болған.
ПІКІРЛЕР