Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:05 19.11.2020

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

18 қарашада Қазақстанда 202 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 95 адам жазылды. Өткен тәулікте пневмонияның бұл түрінен 2 адам қайтыс болды.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 40 690 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 423 адам қайтыс болған, 29 814 адам жазылған.

Қазір 9 961 адам коронавирустан емделіп жатыр, 464-і - бала. 2 992-і - ауруханада жатыр. 228 адамның жағдайы - ауыр, 22 адамның жағдайы - өте ауыр, 23 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанның Covid бойынша ресми статистикасына коронавирус жұққан бірақ арнайы комиссия "Covid-тен емес - ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған жүздеген адам өлімі енгізілмеген.

Елде коронавирус статистикасына күмән келтіретіндер де бар. Тәуелсіз зерттеу жүргізген Сандж зерттеу ұйымы "елде үш миллионнан астам адамға вирус жұққан" деп санайды.

07:18 19.11.2020

Өткен тәулікте 762 адамнан Covid анықталды, ШҚО-да вирустың тарауы бәсеңдемеді

18 қараша күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны Covid тестімен (ПТР) расталған 762 науқас тіркелді.

Сәрсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Мұнда 252 адамнан коронавирус анықталған. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 230 болған еді. Нұр-Сұлтан қаласында – 81, Солтүстік Қазақстан облысында – 79, Павлодар облысында – 65, Қостанай облысында – 60, Алматы қаласы мен Ақмола облысында әрқайсында 42 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Өткен тәулікте барлық облыс пен қалада науқас анықталған. Ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысы (20), Түркістан облысында (2) тіркелген.

Елде наурыз айынан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандар 123 097 адамға жетті: 110 мыңнан астамы жазылған. 9 мыңнан астамы емделіп жатыр, 1959-ы қайтыс болған. Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Covid жөніндегі ұлттық статистикаға есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясы статистикасы (коронавирустың ПТР тестімен расталмаған кейстері) да қосылмаған. 18 қарашадағы дерек бойынша, пневмонияның бұл түрі тамыздан басынан бері 40 488 адамнан анықталған, 28 мыңы жазылған, 421-і қайтыс болған.

Елде коронавирус статистикасына күмән келтіретіндер де бар. Тәуелсіз зерттеу жүргізген Сандж зерттеу ұйымы "елде үш миллионнан астам адамға вирус жұққан" деп санайды.

13:39 18.11.2020

АҚШ-та коронавирус ахуалы нашарлап барады. Еуропада локдаун тиімділігін дәлелдеді

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады. Билік шектеу шараларын біртіндеп күшейтіп жатыр. Ал Еуропада локдаунның арқасында вирустың тарауы сәл бәсеңдеді.

COVID Tracking Project жобасының мәліметі бойынша, соңғы аптада АҚШ-та күніне орташа есеппен 150 мың адамнан коронавирус анықталған. Күн сайын 73 мың науқас ауруханаға жатқызылады, 14 мыңы реанимация бөліміне түседі.

Сарапшылар коронавирустан қайтыс болғандар арта береді деп болжайды. Қазір бір тәулік ішінде шамамен 1100 адам өлімі тіркеліп жүр.

Кейбір аймақта билік шектеу шараларын қайтадан енгізе бастады. Тұрғындардың маска тағуы әдепкі көрініске айналған. Денсаулық сақтау саласының мамандары Ризашылық білдіру күніне (26 қараша) арналған шаралар жағдайды ушықтыруы мүмкін деп қауіптенеді.

Ал Еуропада енгізілген шектеу шаралары тиімділігін дәлелдеген. Соның арқасында кейбір елдерде инфекцияның тарауы бәсеңдеген, алайда жаңа науқас пен адам өлімі көрсеткіші жоғары күйінде қалып отыр. Аурухана қызметкерлеріне ауыр салмақ түскен.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Италия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Францияда коронавирус жұқтырғандар қараша айының басындағы көрсеткішпен салыстырғанда азайған. Дегенмен Еуропа үкіметі тұмау-сырқау жиілейтін қысқы маусымда сақ болу қажеттігін айтады.

08:43 18.11.2020

Бір күнде 268 адамнан коронавирус пневмониясы табылды, Covid-тен 7 адам қайтыс болды

17 қарашада Қазақстанда 268 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 85 адам жазылды, өткен тәулікте пневмонияның бұл түрі бойынша адам өлімі тіркелмеген.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 40 488 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 421 адам қайтыс болған, 29 719 адам жазылған.

Сейсенбі күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 7 адам өлімі тіркелген, наурыз айынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 1959 адамға жетті. Елде коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 122 335 адам бар: 110 835-і жазылған.

Қазір 9 541 адам коронавирустан емделіп жатыр, 468-і - бала. 2 991-і - ауруханада жатыр. 227 адамның жағдайы - ауыр, 24 адамның жағдайы - өте ауыр, 22 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанның Covid бойынша ресми статистикасына коронавирус жұққан бірақ арнайы комиссия "Covid-тен емес - ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. Соңғы айларда өткен жылдармен салыстырғанда адам өлімі көп тіркелді.

Елде коронавирус статистикасына күмән келтіретіндер де бар. Тәуелсіз зерттеу жүргізген Сандж зерттеу ұйымы "елде үш миллионнан астам адамға вирус жұққан" деп санайды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG