Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:18 17.11.2020

Қазақстанда өткен тәулікте 602 адамнан Covid анықталды, 438 адам жазылды

16 қараша күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны Covid тестімен (ПТР) расталған 602 науқас тіркелді, бір күнде 438 адам жазылды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (221) тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қараша таңертең таратқан хабарламасында осындай ақпарат жазылған.

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында - 61, Қостанай облысында - 57, Павлодар облысында - 50, Алматы қаласында - 36, Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысында әрқайсында 33 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Маңғыстау облысында бір тәулік ішінде бірде-бір науқас тіркелмеген.

Елде наурыз айынан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандар 121 653 адамға жетті: 109 мыңнан астамы жазылған. 9 мыңнан астамы емделіп жатыр, 1945-і қайтыс болған. Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Covid жөніндегі ұлттық статистикаға есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясы статистикасы (коронавирустың ПТР тестімен расталмаған кейстері) да қосылмаған. 16 қарашадағы дерек бойынша, пневмонияның бұл түрі тамыздан басынан бері 40 197 адамнан анықталған, 420-і қайтыс болған.

20:59 16.11.2020

Тоқаев Қазақстанда ресейлік екпені дайындайтын зауыт салу жоспары жайлы айтты

16 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес бойынша жиында елде ресейлік вакцинаны дайындайтын зауыт салу жоспары барын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Ресей президентімен ресейлік вакцина өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге келдім. Үкімет осы қажетті жобаға инвестиция тарту бойынша келіссөздерді бастап та кетті" деді ол.

Тоқаев "отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізу – үкіметтің алдында тұрған үлкен міндет" екенін де айтты.

"Мәселен, екі бірдей отандық вакцина келешегі зор әлемдік биоқұралдардың қатарына енгізіліп, қазіргі уақытта оларға клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр" деді ол.

Тоқаев қазақстандық қандай вакциналар сынақтан өтіп жатқанын ашып айтпады. Бұған дейін Қазақстандағы Дәрілер мен медициналық сараптау ұлттық орталығы "коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in®️ вакцинасының клиникалық зерттеуден өтіп жатқанын хабарлаған.

16 қарашадағы жиында Тоқаев елде вирус жұқтырғандар өсе бастағанын айтып, билікке "көктемдегідей жаппай карантинге жеткізбей, пандемияны ауыздықтауды" тапсырды. Ол кейбір облыстағы вирус жұқтырғандардың санына күмән келтірді.

"Бірқатар облыстарда коронавирус жұқтырғандар жайлы деректерді жасыру анықталды. Әңгіме Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр. Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек. Өйткені ол шынайы қауіптің бетін бүркемелейді. Сондай-ақ бүкіл еліміз бойынша коронавирус індетіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес стратегиясына зиянын тигізеді. Қазіргі ахуал жете бағаланбай, қабылданған шаралар толық жүзеге асырылмай отыр. Халықтың індеттен сақтану деңгейі төмендеп кеткен" деді ол.

Қазақстанда қазір ресми дерек бойынша, 121 мыңнан аса адамнан коронавирус табылған, 40 мыңнан аса адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 2300-ден аса адам індеттен қайтыс болды. Бірақ кейбір сарапшылар биліктің статистикасына күмәнмен қарайды. Үкіметтің есебіне маусым-тамыз арасында анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан және осы дерттен қайтыс болған мыңдаған адам енбей қалды. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырып қайтыс болған кейбір марқұмдардың өліміне басқа дерті себеп деп статистикаға қоспады. Тәуелсіз зерттеу жүргізген Сандж зерттеу ұйымы " елде үш миллионнан астам адамға вирус жұққан" деп санайды.

  • Бұған дейін Ресей билігі сынақтың үшінші фазасы аяқталмай жатып екі вакцина - Sputnik V және "ЭпиВакКорона" екпесінің тіркелгенін хабарлаған. Қазақстан мен Ресей Sputnik V жеткізу туралы келісімге де келген. Бірақ халықаралық сарапшылар сынақтың үшінші кезеңі аяқталмаған ресейлік вакцинаға күмәнмен қарайды. Sputnik V екпесін алған кейбір еріктілерден коронавирус табылған.
  • 16 қарашада америкалық Moderna компниясы сынақтан өтіп жатқан коронавирус вакцинасы Covid індетінен 94,5 пайыз қорғай алатынын көрсеткенін мәлімдеді. Moderna екпесі – сынақтың үшінші кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен екінші вакцина.
  • 9 қарашада америкалық Pfizer және германиялы0 BioNTech дайындап жатқан вакцина сынақтың үшінші кезеңінде вирустан 90 пайыз қорғай алатынын көрсеткен. Қазір әлемде он шақты вакцина сынақтың үшінші кезеңінде.
18:02 16.11.2020

Moderna: Covid екпесі коронавирустан 94,5% қорғай алатынын көрсетті

16 қарашада америкалық Moderna компниясы сынақтан өтіп жатқан коронавирус вакцинасы Covid індетінен 94,5 пайыз қорғай алатынын көрсеткенін мәлімдеді. Moderna екпесі – сынақтың үшінші кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен екінші вакцина.

Осыған дейін америкалық Pfizer және германиялы0 BioNTech дайындап жатқан вакцина сынақтың үшінші кезеңінде вирустан 90 пайыз қорғай алатынын көрсеткен.

"Жақында бізде Covid-19 індетін тоқтататын вакцина болады" деді Moderna президенті Стефан Хоге Reuters агенттігіне.

Reuters агенттігінің жазуынша, АҚШ желтоқсанда екі бірдей вакцинаны (60 млн доза) төтенше жағдайда қолдануға рұқсат беруі мүмкін. Ал вакцинаны бүкіл әлем қолдану үшін екі вакцинаның сынақ кезеңі толық аяқталып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастаған ұйымдар мақұлдау керек.

Moderna екпесінің сынағаны 30 мыңдай адам қатысқан. Компанияның мәлімдеуінше, сынақ кезінде вакцина Covid дертінің ауыр түрінен де қорғайтыны анықталған.

Moderna екпесін өте суық тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Бұл - Moderna екпесінің Pfizer вакцинасынан басты айырмашылығы. Moderna вакцинасы 2-8 градус температурада 30 күндей, ал -20 градуста алты айдай сақталады. Ал Pfizer вакцинасын сақтау үшін -70 градус температура қажет.

Қазір әлемде тағы коронавирусқа қарсы он шақты вакцина сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

Moderna мен Pfizer вакцинасының нәтижесі әлемде коронавирус өршіп, жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны өсіп жатқан тұста белгілі болды. Қазір әлемде 54 миллион адамнан коронавирус анықталып, 1,3 миллион көз жұмды.

14:15 16.11.2020

БҚО-да 1 қыркүйектен бері 20 мұғалімге коронавирус жұққан

Мұндай мәліметті Батыс Қазақстан облысының тауар және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті БАҚ хабарлады.

20 мұғалімнің үшеуі бастауыш сыныпқа сабақ берген. Олардың "кезекші сыныптармен" (мектепке барып оқитын балаларға арнайы ашылған сыныптар - ред.) жұмыс істегені-істемегені айтылмайды.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері облыс орталығы Орал қаласында - 18, аудандарда 10 сынып карантинге жабылған. Қыркүйектен бері 6 балабақша жабылған.

Аймақта наурыз айынан бері 7500-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қанша адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылғаны белгісіз. Эпидемия басталғалы бері коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталғандар арасында 128 адам өлімі тіркелген. Өткен тәулікте коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 42 адам анықталған.

Осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі 1 қыркүйектен бері 800-ден астам оқушыға коронавирус жұққанын хабарлаған еді. Ведомствоның мәліметінше, олардың көбі қашықтан білім алған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG