Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

11:36 3.11.2020

Комитет: Сот Біртановты қамауға санкция берді

Қаржы министрлігіне қарасты қаржы мониторингі комитеті 3 қарашада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады.

"Қаржы министрлігіне қарасты қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртановқа қатысты ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот Е.А.Біртановқа қатысты қамау түріндегі бұлтартпас жазасын қолдану шарасына рұқсат берді. Тергеу құпиялылығына байланысты өзге ақпарат айтылмайды" делінген хабарламада.

Елжан Біртанов.
Елжан Біртанов.

31 қазанда жергілікті БАҚ бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың "ақша жымқыру" фактісі бойынша ұсталғанын хабарлаған еді. ҚазТАГ агенттігі экс-министрдің цифрландыруға бөлінген 526 миллион теңге қаржыны талан-таражға салды деген айыппен күддікке ілінгенін мәлімдеген.

49 жастағы Біртанов маусым айының соңында, елде коронавирус індеті ушығып тұрған сәтте отставкаға кетті. Оның алдында оның коронавирус ауруына шалдыққаны хабарланған болатын. Экс-министр отставкаға кетуін аурудан толық емделу қажеттігімен түсіндірді. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі мәлімдемесінде денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығын қатаң сынға алған.

Президент коронавирус пен ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония ауруының өршуін Біртанов басқарған мекеменің жүйелі қателігінен болды деп, сол қателіктерді тексеру бойынша арнайы комиссия құруды тапсырды.

Ізінше денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев "қаражатты ысырап ету" бабы бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Ақпарат бойынша, тергеу органдары шенеунікті "ақпараттық жүйе құруға бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаражатты ысырап қалды" деп айыптап отыр.

Жақында Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Болатбек Қайыповтың да "парақорлық" бабымен ұсталып, 2 айға қамалғаны белгілі болды.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін шамамен 3 жылға жуық уақыт басқарған. Оның алдында екі жыл осы мекемеде вице-министр болып жұмыс істеді. Біртанов денсаулық сақтау вице-министрі қызметін 2008-2010 жылдары да атқарған. Одан кейін квази-мемлекеттік секторда жетекшілік қызметте болған.

09:32 3.11.2020

БҚО денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі 2 айға қамалды

Осыған дейін "парақорлық" бабы бойынша күдікке ілініп, ұсталған Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Болатбек Қайыпов 2 айға қамалды. Бұл ақпаратты 2 қарашада Қазақстанның батыс өңірінен ақпарат тарататын "Мой город" сайты хабарлады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің ұсталғаны 29 қазанда белгілі болған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Бегайдаров берген ақпаратқа сүйенген сайт Қайыпов "сыбайластарымен бірге 2020 жылы қазан айында компания директорынан 7,8 млн теңге көлемінде пара алды" деген күдікке ілінген деп жазады. Күдікті "медицина жабдықтарын сатып алу бойынша тендерге қатысып, ұтып алған компанияның құжаттарын кедергісіз қабылдап, қол қойғаны үшін пара алды" деп айтылады.

09:18 3.11.2020

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды

2 қараша күні Қазақстанда 9 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бір күнде 17 адам жазылды. Тәулік ішінде аурудың осы түрінен 2 адам қайтыс болды.

Қазақстан билігі ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Үкімет дерегінше, тамыздың басынан 2 қарашаға дейін 38 0012 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған: 28 836 адам жазылған, 404-і қайтыс болған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 4 адам өлімі тіркелген. 13 наурыз бен 2 қараша аралығында 113 309 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған, 1861-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 4 732 адам емделіп жатыр. Оның 2 482-сі стационарда ем қабылдап жатыр. 161 науқастың ахуалы нашар, 19 адамның жағдайы - өте ауыр, 21 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Қазақстан коронавирус пневмониясы есебін жүргізгенімен, оны Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қоспай отыр. Вирус жұқтырғандардың дүниежүзілік картасында әдетте Қазақстанның ресми дерегі көрсетіліп, коронавирус пневмониясының сандары айтылмайды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр. Екі деректі қосқанда Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар 151 321 адам болып шығады.

Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

07:25 3.11.2020

Қазақстанда тағы 449 адамға коронавирус жұққаны анықталды

2 қарашада Қазақстанда 449 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. Бір күнде 202 адам жазылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 3 қараша таңертең таратқан хабарламасында осылай деп жазылған.

Өткен тәулікте ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (226) тіркелген. Павлодар облысында - 40, Солтүстік Қазақстан облысында - 34, Ақмола облысында - 28, Алматы қаласында 25 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында бірде-бір науқас анықталмаған.

Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталғандар саны 113 309 адамға жетті. 106 мыңнан астамы жазылған. Наурыз айынан бері кемінде 1857 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам өлімі енгізілмеген.

Коронавирус жөніндегі ұлттық статистикаға 1 тамыздан бері есебі жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясы дерегі де қосылмай отыр. Диагнозы тек ауру белгілері бойынша қойылатын коронавирус пневмониясы 38 мыңнан астам адамнан анықталған, 402 адам қайтыс болған. Үкімет коронавирус пневмониясы дерегінің аймақ бойынша бөлінісін жүйелі түрде жарияламайды.

Джонс Хопкинс университеті секілді көптеген әлемдік ұйымдар мен дереккөздер Қазақстанның дерегін ПТР тестімен расталған науқастарға ғана сүйеніп беріп отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан билігі біріктірмеген екі деректі қосып жариялап жүр. Екі деректі қосқанда Қазақстанда коронавирусқа шалдыққанда 113 309 емес - 151 312 болады.

Қазақстанның бірқатар облыстарында шектеу шаралары күшейді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары аумағына кіріп-шығу үшін жолаушылар қолында ПТР-тест нәтижесі болуы тиіс. Соның кесірінен 2 қарашада Өскемен мен Семейде коронавирусты анықтайтын зертханаларда ұзын-сонар кезек пайда болып, адамдар облыс аумағынан шығу үшін ПТР-тест анықтамасын ала алмай қиналған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG