Ресейде бір күнде 18 мыңнан астам науқас тіркелді
1 қарашада Ресейде 18 257 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 238 адам қайтыс болды. 10 360 адам ауруханадан жазылып шықты. Бұл туралы дүйсенбі күні коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.
Ұлыбритания билігі локдаунды ұзартуы мүмкін
Британ үкіметінің жоғары лауазымды шенеунігі коронавирусқа байланысты енгізілген қатаң шаралар ұзартылуы мүмкін екенін ескертті.
Министрлер кабинетінің жетекшісі Майкл Гоувтан ақпарат құралдары "шектеу шаралары бір айдан да ұзақ болуы мүмкін бе?" деп сұраған кезде "иә" деп жауап берген.
Осыған дейін Франция, Германия және өзге елдер індеттің екінші толқынына байланысты карантинді күшейткен. Ізінше Ұлыбритания да 5 қарашадан бастап, қатаң шаралар енгізетінін хабарлаған.
Португалия, Греция, Австрия жартылай локдаунға көшеді.
Қазір Еуропада күн сайын шамамен 240 мыңнан астам адамнан коронавирус табылып жүр. Еуропаның 14 елінде ауруханаға жатқызылғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткен.
Бельгияда 2 қарашадан бастап локдаун енгізіледі, Германияда дүйсенбіден бастап "жартылай жабық" режим күшіне енеді.
Өткен аптада Италия мен Испанияда шектеу шараларына қарсылық акциясы кезінде демонстранттар полициямен қақтығысып қалды.
4,5 млн халқы бар Словакия алдағы бірнеше апта ішінде тұрғындарды жаппай коронавирус тестінен өткізетінін айтып отыр.
1 қарашада Ресейде науқастар саны бойынша тағы рекордтық көрсеткіш тіркелді. Елде 1 қарашада 18 655 адамнан коронавирус табылған.
Қазақстанда коронавирустан тағы 5 адам қайтыс болды
1 қараша күні Қазақстанда 41 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бір күнде 32 адам жазылған. Тәулік ішінде аурудың осы түрі бойынша адам өлімі тіркелмеген.
Қазақстан билігі ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Үкімет дерегінше, тамыздың басынан 1 қарашаға дейін 38 003 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған: 28 819 адам жазылған, 401-і қайтыс болған.
Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 5 адам өлімі тіркелген. 13 наурыз бен 1 қараша аралығында 112 860 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған, 1857-і қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 4 489 адам емделіп жатыр. Оның 2 420-сі стационарда, 2069-ы амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр. 150 науқастың ахуалы нашар, 15 адамның жағдайы - өте ауыр, 22 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Қазақстан коронавирус пневмониясы есебін жүргізгенімен, оны Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қоспай отыр. Вирус жұқтырғандардың дүниежүзілік картасында әдетте Қазақстанның ресми дерегі көрсетіліп, коронавирус пневмониясының сандары айтылмайды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр. Екі деректі қосқанда Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар 150 863 адам болып шығады.
Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 5 адам қайтыс болды

ПІКІРЛЕР