Дегенмен премьер елде жол қауіпсіздігі жақсарып келеді деген көзқарасын білдірді. Ал астаналық такси жүргізушілерінің көбі керісінше жол ережелерін қатаңдатудың кесірінен жемқорлық көбейіп кетті деп есептейді.
2008 жылдың тамыз айынан бастап күшіне енген әкімшілік кодекс және басқада заңдардағы өзгерістерге сәйкес, көлік жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлескені үшін және қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл шамамен 5 мың теңге. Осы заң өзгерістеріне қатысты Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов елде жол қауіпсіздігі жақсарып келеді, деген көзқарасын білдірді. Бірақ, жемқорлық бар, ол туралы адамдар айтып жүр, деді ол. Премьер ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановқа жол полициясы қатарында жемқорлықты жою үшін өз қатарларын тазарту шараларын қолдануды тапсырды.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкімет отырысында ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановқа жол полициясы құрамында жемқорлықты жою үшін өз қатарларын тазарту шараларын қолдануды тапсырды.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің жол полициясы департаментінің бастығы Өмірзақ Түсімов, жемқорлықпен күресу үшін бейнекамералар қолданылатындығын айтқан:
- Біз жол ережесін бұзбас үшін жүргізушіні және парақорлыққа бармас үшін біздің қызметкерлерді бейнекамераға түсіреміз. Бейнетаспа, фотосурет дәлел болады. Сол арқылы біз жол ережесін бұзған адамды шақырып алып айыппұл саламыз. Сосын ешқандай инспектормен келісу болмайды, сол керек бізге.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жол апаттарының 80 пайызында жүргізушілер кінәлі болып шыққан. Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше Қазақстан заңдары жұмсақ, кейбір шет елдерде жол ережесін бұзған жүргізушілер сот шешімімен жол куәлігінен бірнеше жылға айырылады деп хабарланды. Жол полициясының мәліметінше қазір ереже бұзған жүргізушілердің тек 25 пайызы ғана куәлігінен айырылады қалғандары айыппұл төлеп құтылады. Ал астаналық такси жүргізушілерінің көбі жол ережелеріне қатысты айыппұлдың көбеюі жемқорлықты өсіріп жіберді деп отыр.
Біріккен ұлттар ұйымының Женевадағы жол- көлік департаментінің мәліметінше Қазақстан әлем бойынша жол апаттарындағы адам қазасы саны жөнінен бірінші орындағы 3 мемлекет қатарында. Апатқа түскен әр 100 адамның 30 пайызы немесе үштен бір бөлігіне жуығы мерт болады. Жолдардағы ең көп адам өлімі Ресей, Латвия және Қазақстанда кездеседі.
Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, Қазақстандағы жүргізушілердің 10 пайызы қауіпсіздік белбеуін салса қалған 90 пайызы салмайтын. Жол қауіпсіздігі мәселесі президент Назарбаев төрағалық ететін Қауіпсіздік кеңесіне дейін жеткен соң жол ережелері қатаңдатыла бастады. Ішкі істер министрінің орынбасары Әлік Шпекбаевтың мәліметінше жол ережелерін қатаңдату қажеттігі жол апаттарының өсуімен байланысты. Соңғы 10 жылда жол апаттарында 27 мың адам мерт болған. Жол апаттарының саны бір жылда 16 мыңнан асады. Және жыл сайын соның кесірінен 4200 адам көз жұмады дейді ол.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты