Accessibility links

Мәдениет және ақпарат министрлігі "ереже бұзған" журналистерді аккредитациядан айыруды ұсынды


18 шілдеде мәдениет және ақпарат министрлігі журналистерге қандай да бір шараға аккредитация беру-бермеу тәртібі жазылған жарлық жобасын жариялады.

Медиа сарапшылардың пікірінше, жобадағы бірнеше ереже журналистердің ақпарат тарату құқығын шектейді және оның қызметіне қауіп төндіреді.

Жарлық жобасы іс-шара өткізу тәртібін бұзған БАҚ өкілдерін шараға жібермеуді, сонымен бірге журналистерге мемлекеттік органдардан алған ақпаратты аккредитациясы бар басылымнан тыс жерде таратуға тыйым салады.

Құжат «Журналистер аккредитациясын бекіту тәртібі туралы» жарлық жобасы деп аталады.

Құжатқа сәйкес, аккредитация беруші ұйым іс-шара өткізу тәртібін өзі бекітеді.

Журналистердің кейбірі жаңа тәртіп бекітілген соң мемлекеттік органдар мен шенеуніктерден алған мәліметті әлеуметтік желілерге жариялай алмай қаламыз ба деп қауіптенеді. Сонымен бірге БАҚ өкілдері модератор кез келген сұрақты жарамсыз деп танып, оны да шара тәртібін бұзуға жатқыза ма деп сескенеді. Медиа сарапшылар жарлық жобасын «цензура» деп атап отыр.

Министрлік жарлығы 1 тамызға дейін талқыланады деп жоспарланған.

Қазақстан «Шекарасыз тілшілер» (RSF) халықаралық ұйымының индексінде әлемнің 180 елі арасында 142-орында тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG