Мұнайшыларды Астанадан қайтару, Жаңаөзендегі ахуал – 12 сәуір┃AzatNEWS
Жаңаөзеннен Астанаға келіп ереуілдеткен мұнайшылардың көбі пойызбен кері қайтты. Олардың бесеуі әкімшілік жауапқа тартылған. Астанада қалған 10 мұнайшы қайда? Арнайы жасақтың мұнайшыларды күштеп ұстауына мәжіліс депутаттары қандай пікір айтты? Қолдай ма, қарсы ма? Астанада жұмыссыз жаңаөзендіктерді қолдаған саясаткер Нұржан Әлтаев 15 тәулікке қамалды. 9 сәуірдегі өткен митингіге шыққаны үшін тағы бірнеше белсенді азамат ұсталды.