Жаңаөзендегі еңбек дауы, белсенділерді қорғау – 5 сәуір┃AzatNEWS
Жаңаөзен қаласында 100-ден астам мұнайшы тұрақты жұмыс сұрап, "Өзенмұнайгаз" компаниясының алдына жиналып тұр. Депутат өңірдегі жұмыссыздықты шеше алмаған үкіметті сынады. "Халық парламенті" өкілдері оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға араша түсті. Ал парламент депутаты Ермұрат Бәпи бас прокурордан ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп сотталған блогерлердің ісін қайта қарауды сұрады. Қаңтарда туыстары қаза болған азаматтар Шымкент әкімдігіне барып, әлеуметтік талап қойды. 5 миллион теңге мен баспана сұраған топ қала әкімімен әрең жолықты.