Маңғыстаудағы жұмыссыздар ереуілі, сайлау жыры
Жетібай кентінің тұрғындары "Маңғыстаумұнайгаздың" өндірісіне апаратын жолды жапты. Олар тұрақты жұмыспен қамтуды талап етіп жатыр. Наразыларға әкімдік пен прокуратура өкілі келді. ОСК парламентке өткен партияларға қанша мандат берілетінін мәлімдеді. Тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясы сайлау нәтижесін мойындамаймыз дейді. Израильде үкіметтің сот реформасы халық қарсылығына ұшырап, жүздеген мың адам көшеге шықты. НАТО Ресейдің ядролық ұстанымын сынады.