Ғалымдар жиынындағы жанжал
Астана ішкі істер департаменті Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Ғылым комитеті төрағасының арызы бойынша алматылық зерттеушіні куәгер ретінде тергеген. Комитет төрағасы "белгісіз қолданушы "ғалымдарға қаржы үлестіруде заңсыздықтарға жол берді" деп жалған ақпарат таратты" дейді. Куәгердің адвокаты комитеттің арызын "ғалымдарды қудалау" деп санайды.