Астанадағы Сирия келіссөзі
Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөзінде Ресей делегациясының жетекшісі Александр Лаврентьев Сирияда қауіпсіздік аймағын құру жұмыстары екі аптаның ішінде басталатынын хабарлады. Астанадағы келіссөзге Ресей билігінің жоғары шенді өкілдері, Түркия, Иран сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, Сирия үкіметінің делегациясы, Сирия қарулы оппозициясы делегациясының тоғыз өкілі қатысып отыр.