Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылындағы әскери қалашық тұрғындары соңғы кездері пәтер тонаушылардың күрт көбейгеніне шағымданады. Олардың сөзінше, соңғы бір айда оннан астам пәтер тоналған. Жетіген полициясы тілші сұрағына жауап беруден бас тартты.