Қарағандыдағы премьера
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 29 сәуір күні Қарағанды қаласында Думан Рамазанның «Ұлы арман» (Абылайдың арманы) спектаклінің премьерасы өтті. Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының режиссері Айбек Қырықбаев: «Тарихи драма Абылай ханның 18-ғасырда Қытай, Ресей және Қоқан қыспағы арасынан қазақ елін сақтап, аман алып қалуға сіңірген еңбегіне арналған» дейді. Қарағанды жастары премьерадан соң «тарихтан мағлұмат алғандарын» айтты. Қарағанды, 29 сәуір 2015 жыл.