Жалақы талап еткен жұмысшылар
Алматыдағы "Аяз" құрылыс компаниясының келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін 9 жұмысшысы жалақыларының уақытында төленбегенін айтып наразылық білдірді. Олармен телефон арқылы сөйлескен компания өкілі "ақшаларың ертең төленеді" деп жауап берген. Мекеме басшылығы Азаттық тілшісіне бұл оқиға жайлы түсініктеме беруден бас тартты. Алматы, 29 қаңтар 2015 жыл.