Accessibility links

Алматыда Заманбек Нұрқаділовті еске алды


Алматыда Заманбек Нұрқаділовті еске алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00

Алматыдағы Кеңсай зиратында қоғам өкілдері оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовті еске алды. Жиналғандар алдында журналист Рысбек Сәрсенбай, әнші Нұрғали Нүсіпжанов және басқалар сөйлеп, осыдан 9 жыл бұрын жұмбақ жағдайда қаза болған саясаткер жайлы естеліктер айтты. Кезінде мемлекеттік жоғары лауазымды қызметтерде істеген, өмірінің соңына қарай қазақ оппозициясы жетекшілерінің бірі болған Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы қарашаның 12-сі күні Алматыдағы үйінде өлі күйінде табылған еді. Оның кеуде тұсына екі, басына бір оқ тигені анықталған. Ресми тергеу жүргізген билік «ол өзін-өзі өлтірген» деген қорытынды жасаған. Бірақ Қазақстан оппозициясының кейбір өкілдері Нұрқаділовтің қазасын әлі күнге дейін шындығы ашылмай келе жатқан «саяси кісі өлтіру оқиғасы» деп санайды. 12 қараша 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG