«Қазақстан Грузия экономикасындағы нөмірі бірінші инвестор болып отыр» деп мәлімдеген Грузияның премьер-министрі Зураб Ногаидели. Астанадағы кездесулерінен соң Грузия үкімет басшысы жылдың аяғына дейін қазақстандық инвесторлармен бірге тағы бірнеше жаңа жобаны іске асыратындығын айтқан. Екі мемлекет арасындағы өткен жылғы келісімдердің нәтижесінде тауар айналымы 50 пайызға артқан. Мұнай-газ және көлік салалары екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жетекші бағыттары болып отыр. Қазақстан мұнайын әлемдік рынокқа шығарудың бір тармағы - «Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан» жобасы. Сондықтан екі ел де ынтымастыққа мүдделілік танытуда» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Ал «Литер» басылымы болса Зураб Ногаиделидің Астанаға сапарын Грузияның ТМД ұйымынан шығу мүмкіндіктерін қарастырып жатқандығымен байланыстырады. З.Ногаидели: «Грузияда ТМД ұйымының пайдалы екендігіне күмәнмен қарайды. Біз Достастық аясынан шығудың мүмкіндігін қарастырып жатырымыз» деген. Грузия премьер-министрінің пікірінше, аталған ұйымға Қазақстанның төрағалық етуі мәні бар реформалардың жүруіне түрткі болуы мүмкін.
«Мүмкін, ТМД оған мүше мемлекеттерді толғандыратын проблемалар талқыланатын белді ұйымға айналар» деді З.Ногаидели. Іскерлік форумында Қазақстан вице-премьері Кәрім Мәсімов Грузия делегациясының туризм, көлік қатынасы және банк секторларына инвестиция салуды қазақстандықтарға ұсынғандығын жеткізді. З. Ногаидели қазақстандық кәсіпкерлердің грузиялық және шетел инвесторларымен бәсекелес бола алатындығына сенімді» делінген «Литерде» басылған мақалада.
Осы тақырыпқа орай «Экспресс К» газеті Грузияның қазақстандық кәсіпкерлер үшін, тіпті, шарап шығару саласына да шақыруға дайын екендігін жазды. Осы жылы грузиндер шарап өнімін алыс шетелге шығаруды жоспарлап отыр. Жүзім шаруашылығын дамыту үшін қомақты қаржы қажет. Грузия экономикалық даму министрі Ираклий Чоговадзенің айтуынша, Грузияда жүзім шаруашылығы 60 мың гектарды алып жатыр. Болашақта тағы 50 мың гектар шарап өндірісіне беріледі. Сондықтан, бұл Грузия экономикасының болашағы зор саласы, қазақстандық инвесторлар оған қосылатынына сенеміз, деген Ираклий Чоговадзе. Сонымен қатар, Грузия осы жылы үш дистрибъютерлік компания және алты гидроэлектростанциясына тендер жариялады. Оған қазақстандық кәсіпкерлер де қатысатын болады» деп жазды «Экспресс К» газеті.
Грузия өзінің су электр станцияларын саудаға салып жатқанда, Қазақстанда жаңа ТЭС-тің құрылысы қайта жалғасты. «Қазақстанның оңтүстік өңірі электр энергиясына тапшы аймақтар болып саналады. Шарын өзені бойында «Мойнақ ГЭС-ін» салу жұмысының жалғасуы бұл мәселені шешіп тастамаса да, мәнді қадамдардың бірі болар» деп жазды «Литер». Мұндағы құрылыс 1985 жылы басталып, 1992 жылы қаржы тапшылығынан тоқтап қалған. «Құрылыс жұмысы осы жылдың мамыр айында қайта жанданды. Мойнақ ГЭС-нің өнімділігі - миллиард киловатт-сағаттан астам. Жоба аясында аумағы 10 шақырымдық Бостөбе су қоймасы жасалады. Станция қызметкерлері үшін қалашық салынатын болады. Жобаның алғашқы бөлігіне қажетті 50 миллион долларды Қазақстан даму банкі бөлген. Ал негізгі қаражат көзі үшін Қытай даму банкі 200 миллион доллар аударады. Соңғы жылдары әлемде салынған су станцияларының 80 пайызы Қытайда орналасқан екен. Соған байланысты Энергетика және минералдық рессурстар министрлігі осы салада шығыстағы көршінің тәжірибесі мол деп шешкен» деп жазды «Литер».
Шарын өзенінің бойына осындай тағы төрт станция салуға болатындығына «Казахстанская правда» газеті мән берген. «Үкімет «Қазқуат» компаниясына келесі жылы Шардара ГЭС-ін жаңалауды тапсырды. Одан бөлек аталған компания Іле өзені бойында Кербұлақ гидроэлектрстансасын салатын болады» делінген «Казправда» басылымындағы мақалада.