Желі қолданушылары Серік Ахметовтың түрмеден шығатыны туралы ақпарат пен Абайды талқылады.
Желі қолданушылары Айсұлтан Назарбаевтың нашақор болғандығын мойындаған жазбасын талқылап жатыр.
Әлеуметтік желі қолданушылары Астанадағы "Абу Даби Плаза" кешенін салып жатқан құрылысшылар мен күзетшілер арасындағы төбелесті талқылады.
Бүгін Алматыдағы валюта айырбастау орындарында долларды сатып алу 337,7, ал сату 338,7 теңге болып тұр. Азаттық тілшісі ел пікірін сұрап көрген еді.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек би ауылында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша өткен жиынға Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысынан өкілдер келді.
Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылының тұрғындары «тиесілі пайларын ала алмағандарына» наразы. Олардың жерін жалға алған серіктестік «халыққа үлестерін беріп жүргенін» айтады.
1943 жылы Чернобыль қаласында қаза тапқан Совет Одағының батыры Әбу Досмұхамбетовтің туыстары жауынгер сүйегін туған жеріне алып келуді сұрайды.
Алматыдан Ыстықкөлге аттанған 15 зағип велоспортшы алты күнде 500 шақырым жол жүрмекші.
Петропавлдағы саябақты жаңғырту жұмыстары кезінде көне зеңбірек табылды.
1937 жылғы репрессия тарихының Қазақстанда зерттелуі туралы тарихшы, профессор Хангелді Әбжановпен әңгіме.
Петропавл билігі мәдениет саябағына 2008 жылы орнатқан ескерткіштерді де алып тастады. Тұрғындар паркті бұлай жаңартумен келіспейді.
Петропавлдағы ЕС164/3 түзету мекемесінде сотталушылар арасында жазғы спартакиада ойындары басталды. Жер митингісінен кейін сотталып, осында жіберілген Макс Боқаев пен Талғат Аян спартакиаданың ашылу салтанатына қатысқан жоқ.
Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылындағы бірнеше отбасы «үй саларда ауыл шетінің өркениеттен сәл кейін қалғанын білмедік» дейді.
Желі қолданушылары шенеуніктердің жасы мен Димаштың қытайдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмегін талқылап жатыр.
Археологтар Мехико орталығынан 650 адамның бас сүйегінен қаланған мұнара тауып алды. Тарихшылардың пікірінше, бұл ацтектерде кеңінен тараған құрбандыққа адам шалу салтымен байланысты.
Желі қолданушылары өздері оқыған колледжін балағаттаған студенттерді талқылап жатыр.
Америкада NASA Виргиния штатындағы әуе базасынан суборбиталды ракетасын он екінші талпыныста ұшырып сынады. Құрастырушылар бұл әдіспен болашақта ионосфера мен полярлық немесе солтүстік шұғыланы зерттеу жоспарда бар дейді.
Желі қолданушылары журналистерге тағайындалған "Үркер" ұлттық сыйлығын талқылап жатыр.
Жамбыл ауданының Жайсаң ауылында тұрғындар мен кәсіпкер арасында жайылымдық жер дауы ушығып тұр
Алматының Бостандық ауданы аумағындағы автотұрақты сүруге келген арнайы техника бұл жолы да түк бітірмей қайтты. Тұрғындар ұзақ уақыт автотұрақ ретінде пайдаланып келген жерді көпқабатты үй салуға беруді ұйғарған жергілікті билік жоспарымен келіспейді.
Тағы