Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге Қазақстан Конституциясындағы "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық" деген цитатамен баннер іліп, 29 сәуірде бес тәулікке қамалған Роман Захаровты апелляциялық сот тап сол күні қайта босатты. Желіде осы оқиғаны талқылап жатыр.