Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин кезінде Түркістан облысы Жетісай ауданындағы диқандар еккен капустасын өткізе алмай әлекке түсіп жатыр. Капустаның бағасы арзан, сатып алушы аз. «Капустамыз шіри бастады» деп алаңдаған дихандар үкіметтен көмек сұрайды.
Алматыда Барыс-4 базарының саудагерлері сауда орынының қайта жабылғанына наразы. Айтуларынша, 26 сәуірде базар ашылып, контейнер арендасын төлеген. 28 сәуір таңертең жұмысқа келген сатушыларды базар басшылығы мен әкімдік өкілі ішке кіргізбеген.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа мәлімдеме жасады. Ол карантиннің 11 мамырға дейін ұзартылатынын хабарлап, мемлекеттен берілген әлеуметтік көмек статистикасын жария етті.
Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сәуірдің 17-сінде коронавирус табылған дәрігерлер 234-ке жеткенін хабарлады. Азаттық сөйлескен дәрігер «карантин кезінде вирус белгілері байқала бастады» дейді. Ол тесті қайта тапсыру туралы талабына ешкімнің құлақ аспай жатқанын айтады.
Қазақстан билігі коронавирус таралуына байланысты үш аурухана салынатынын хабарлағалы екі аптаға жуықтады. Құрылыс қалай жүріп жатыр? Шымкенттегі аурухананың жұмысы неге тоқтап тұр? Тұрғындар не дейді? Азаттық анықтап көрді.
Алматының орталық клиникалық ауруханасы карантинге жабылды. Мұнда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны үш күннің ішінде 37-ге жетті. Бөлек мекенжайға оқшауландырылған дәрігерлер инфекцияны анықтауға тест тапсырғанымызбен, жауабын жасырып отыр деп шағымданды.
Алматыдағы Түрксіб аудандық соты мұқтаждарға тамақ таратқан «Новая жизнь» шіркеуінің үш еріктісіне – Иван Крюков, Петр Шелепанов мен Роман Мельгафты Әкімшілік кодекстің төтенше жағдай режимiн бұзу бабымен кінәлі деп тауып, әрбіріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (26 510 теңге) айыппұл салды.
Азаттық туғанынан естіп, сөйлей алмайтын қызылордалық ерлі-зайыпты Асхат Ахметов пен Гүлшара Исмағұлованың қалай күн кешіп жүргенін көрсеткен. Төрт балалы шаңыраққа жұрт бір тәулікте 10 миллион теңгеден аса қаржы жинап берді.
Қызылордалық ерлі-зайыпты Асхат Ахметов пен Гүлшара Исмағұлова туғанынан естімейді, сөйлей алмайды. Екеуі қазір төрт бала өсіріп отыр. Олар қалада «жақсы жұмыс жоғын» айтады. Ескі баспананы жалдап тұрып жатқан көп балалы шаңырақ үйіміз болса деп армандайды.
Алматының Алатау ауданы әкімдігіне бір топ әйел жиналып, көмек сұрады. Айтуларынша, карантин басталғалы өмір сүру қиындаған, көбі жұмыстан қысқарып, үйге жеткілікті азық-түлік ала алмаған. Ал әкімдік жұрттың шағымын онлайн қабылдап жатқанын айтады.
Мәскеу мен Тегеран коронавирус пандемиясының тарауынан қауіптеніп, сақтық шарасын күшейтті. АҚШ індет зардабы тиген кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындарға қаржылай көмек бермек.
Қазақстан билігі карантин кесірінен жұмыстан қысқарып, ақысыз еңбек демалысына кеткендерге әлеуметтік төлем жасамақ. Бірақ бұл төлем бәріне бірдей берілмейді.
Желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін талқылады.
Қазақстанда тұрғындар супермаркет пен базарлардан жаппай сауда жасап, азық түлікке кезек байқалды. Бірақ үкімет "тауар қоры жеткілікті, баға бақылауда" дейді. Экономист жақын күндері тауар бағасы қымбаттайтынын айтады.
Қазақстанда коронавирус табылу қаупі көбейгелі алматылық белсенділер әкімдіктен ашық ақпарат таратуды, сақтық жасауды талап ете бастады. Бірақ көшеде, базарда, оқуда жүрген адамдар қауіп барын айтқанмен, дүрлігу байқалмайды.
Желіде әлемдік нарықта мұнай бағасы түсіп, теңге құнсызданғанын талқылады.
9 наурызда теңгенің долларға шаққандағы құны әлсіреп, ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 400 теңгеге жуықтады. Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шара қабылдайтынын айтып, мәлімдеме жасады. Теңгенің құнсыздануы халықтың әл-ауқатына қалай әсер етеді?
Алматыда бірнеше белсенді "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалына барып, "Назарбаевтың биліктен кетуін" талап етті. Олар бұл акцияны "Оккупай Нұр Отан" деп атаған.
Желіде Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайдың "Халықаралық батыл әйел" сыйлығына ие болғанын талқылады.
Желіде "саяси тұтқын" саналған Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын бостандыққа шығатынын талқылады.
Тағы