Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Үйінен былтыр кетіп қалған әйелдің төрт баласы «анамызды жақсы көреміз, оған өкпелемейміз» дейді. Бала-шағаны асырау қиындығы әкелерінің мойнына түскен. Бұрынғы әйелінің әпкесі шаңырақ шырқы бұзылғанына отағасын кінәлайды.
Павлодар қаласындағы аудандардың бірі - Алюминстрой тұрғындарын қаусаған баспаналарын сүруге байланысты уақытша пәтерлерге көшірген. Бірақ жұрт «уақытша тұрып жатқан жаңа баспанамызда проблемалар көп» дейді.
Павлодарда Ниццадағы қастандықта қаза болған азаматтармен қоштасу рәсімі өтті. 14 шілде күнгі Франциядағы терактіде Панченколар әулетінің үш буыны өкілдері ажал құшқан болатын. Қоштасуға ондаған павлодарлық тұрғындар келіп, көңіл білдірді. Ниццада жалпы саны 84 азамат қайтыс болған еді, олардың төрт
Павлодар облысы Шалдай ауылындағы туберкулез сипатындағы сырқаттары бар балаларға арналған мектеп-интернат қызметкерлері жаңа жұмыс іздеп жатыр. Бірақ көп жердегі жұмыс жағдайы мен жалақы мөлшеріне көңілдері толмайды. Кей мұғалімдер наразылық акциясына дайындалмақ.
Павлодар облысындағы санаторий түріндегі мектеп-интернат жуырда жабылуы тиіс. Мұнда туберкулезбен ауырып, кейін айыққан және туберкулин сынамасы оң деп танылған балалар денсаулығын нығайтады.
Павлодардағы саяжайлар орналасқан шағын аудан тұрғындарының жерлерін алғаны үшін төленетін өтемақыны күткеніне бір жылдан асқан. Биыл тәуелсіздік мерекесіне қарай олардың бау-бақшаларының орнына үлкен автомагистраль бойындағы жол айырығы салынып бітуі тиіс.
Павлодар облысында тұратын фермер былтырдан бері баптаған жерін пайдалану құқығын қайтарып алуға тырысып жүр. Ол жеңген аукцион заңсыз деп танылған. Жергілікті билік жерді беру процедураларын рәсімдеу кезінде қате кеткенін мойындағанымен, фермердің шығынын кім өтейтінін білмейді.
Павлодар маңындағы ауылда тұратын отағасы кейінгі үш жыл бойы үйдегі алты баласын жалғыз өзі бағып-қағып отыр. Ол бала-шағасын тастап кеткен әйелінен алимент өндіріп алу үшін сотқа бергенімен, сот орындаушылары оны таба алмай жүр.
Павлодар облысы Қашыр ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері қазақ тілінде сөйлейді. Ондағы 64 баланың бесеуі ғана - қазақ.