Алматыда бүгін 30 шақты белсенді жер сатуға қарсы акция өткізді. Олар үкіметке мамырдың 21-і күні жер сатуға қарсы митинг өткізуге рұқсат сұрайтынын, рұқсат етілмесе мамырдың 31-і - сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні жалпыхалықтық ереуілге шығатындарын ескертті.