Ресейден Астанаға жеткізілген Кейкі батырдың бас сүйегі Алматыдағы орталық мемлекеттік музейге әкелінді. Музей директоры Нұрсан Әлімбай бас сүйекке Венгрия мамандары антропологиялық зерттеу жүргізеді деп хабарлады.
Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың дипломатиялық байланыс орнатқанына 25 жыл толу құрметіне арналған концертке қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен және АҚШ-тың 18 жас музыканты қатысты.
Бір топ азаматтық белсенді «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласындағы бөлімшесіне барып наразылық білдірді.
Алматыда мұсылман әйелдерінің күздік сән киім үлгілеріне арналған көрме өтіп жатыр. Көрмеге Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінен де дизайнерлер келді.
Алматыдан оңтүстікке бағыттағы күре жолдың «Алтын Орда» мен «Барлық» базарлары тұсында күнделікті таңертең және кешкісін көлік кептелісінен қалаға кіріп-шығатын жұрт діттеген жеріне сағаттап жете алмайды. Базар маңындағы кептелістен қашқан көліктер төңіректегі ауылдардағы жолды да жауып қалады.
Алматыда бір топ егде адам Digital Life мобильді сауаттылық жобасы аясында смартфонның мүмкіндіктерімен танысты. Бес күнге созылған курс аясында олар сурет пен видео түсіруді, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдалануды үйренді.
Алматының шетіндегі "Ақкент" ықшам ауданында осыдан үш жыл бұрын пәтер алғандардың кейбірі ай сайынғы ақысын төлей алмай шығарылып жатыр.
Мүгедек қызын емдету үшін банктен несие алып, оны өтей алмаған шымкенттік ерлі-зайыпты тамыздың соңында өздеріне қол салуға әрекеттенді. Ал сот орындаушылары оларды қарызды өндіру үшін сатылып кеткен баспаналарынан шығару жұмысы заң шеңберінде жасалып жатқанын айтады.
Қызылорданың іргесіндегі саяжай тұрғындары қалаға қатынайтын қоғамдық көлік жоқ екенін айтып шағымданды. Ал ресми мекеме қоғамдық көлік өз шығынын өтей алмайтынын, сондықтан автобус жүргізілмейтінін айтты.
Шаңырақ-2 ықшамауданындағы №26 орта мектепте 17 бірінші сынып ашылды. Мектептегі 3200 оқушының 500-ге жуығы бірінші сыныпқа қабылданған балалар.
Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 2012 жылы 3 мың түп тал егілген саябақ иен жатыр. Тұрғындар "жыл сайын мыңдаған ағаш ексе де нәтиже жоқ" деп наразы. Әкімдік саябаққа арнайы ақша бөлінбегенін айтады.
Алматылық бір топ азамат президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу хат жазып, қолдарын тіліп, қанмен қол қойды. Белсенділер хатты "Нұр Отан" партиясының Алматы бөлімшесіне тапсырды. Партия өкілдері 10 күн ішінде ресми жауап беретіндерін айтты.
Алматы облысының Талғар ауданындағы Талдыбұлақ ауылынан Ақбұлақ санаторийіне дейін жететін айналма жол археологтар мен жол салушылардың арасында дау тудырды.
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында дайын болуы тиіс «Қазақ елі» сериалы неге кешікті? Фильм сценарийін жазуға кәсіби тарихшылар қатысты ма? Мұны Азаттық тілшісі режиссер Рүстем Әбдірашевтен, сценарий авторларының бірі Смағұл Елубайдан, актер Досхан Жолжақсыновтан сұраған еді.
Азаттық Алматы көшелерінде жастардан бұдан 25 жыл бұрын болған «ГКЧП бүлігі» туралы не білетінін сұрап көрді.
Азаттық тілшісі Алматы тұрғындарынан Рио олимпиадасындағы ұлттық құраманың нәтижелерін қалай бағалайтындарын сұрады. 16 тамыз 2016 жыл.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толды. Жетісудағы ең ірі майдан «Қарқара көтерілісі» болды. Көтеріліс басшыларының бірі болған Тұрлықожа Жансеркиннің ұрпақтары Алматы маңында тұрады.
Қырғызстанның Нарын облысындағы артезиан суының бетіне от жағып, жеңіл тамақ істеуге де болады. Жергілікті жұртшылық ілеспе газы бар судың емдік қасиеті бар деп санайды.
Алматыда Түркиядағы төңкеріс әрекеті мен Қазақстандағы қарулы шабуылдар кезінде өлген азаматтардың рухына арналып еске алу күні өтіп, құран бағышталды. Шараны Қазақстандағы Түркия республикасының бас консулдығы ұйымдастырды.
Зағиптарға Қазақстанда жұмыс табу өте қиын. Олар өмір сүрудің ауырлығына қарамастан білім алуға, жұмысқа орналасуға ұмтылады.
Тағы