Маусымның 2-сінде Батыс Қазақстан облысындағы «Орал-Ақсай» тас жолында екі көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Апат кесірінен екі адам қаза тауып, 10 адам қатты жараланған. Билік апаттың жиілеп кетуіне көлік жүргізушілерін, ал жүргізушілер жолдардың нашар сапасын кінәлайды.