Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 442 мыңнан аса жұмыссыз бар. Яғни, еңбек жасындағы тұрғындардың 4,8 пайызының тұрақты жұмысы жоқ. Кей сарапшылар жұмыссыздар саны бұдан бірнеше рет көп дейді. Азаттық тілшісі Алматы көшесінде уақытша жұмыс іздеп тұрған азаматтармен сөйлесіп қайтты.