Алматыда 25 мамырда блокпосттағы апаттан екі полицей қаза тапқан. Баспасөз қызметі қаққан адам бұрын полицияда істемеген дегені өтірік болып шыққан. Желі қолданушылары осы мәселені талқылады.
Оралдағы ірі сауда орындарының бірі – "Московский" киім-кешек, заттар сататын базарының жетпістей сатушысы санитарлық дәрігермен кездесуге жиналып, базардың ашылуын талап етті.
Алматы облысы аумағында коронавирустан қайтыс болғандар жерленетін арнайы зиратта 32 қабір тұр. Ресми дерек бойынша, Алматы қаласында COVID-19 жұғып, көз жұмғандар саны - 10 адам. Ал облыста өлім тіркелмеген. Осы жөніндегі Азаттық сауалына денсаулық сақтау министрлігі толымды жауап бермеді.
Желіде Арыс тұрғындары "Нұр Отанға" барып, көмек сұраған видеоны талқылап жатыр.
Желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразия экономикалық одағы елдері басшыларының онлайн жиынында айтқан сөзін талқылап жатыр. Жиын 19 мамыр күні өткен және Тоқаев одақтың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын қабылдауға асықпау керек екенін айтқан.
Қызылорда қаласы маңында коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болды делініп, карантинде жатқан адамдар стационардағы ахуалға шағымданды.
Адвокат Айман Омарованың көлігі Алматыда мамырдың 18-і кешке жанып кетті. Оқиға орнынан Facebook желісіне тікелей эфирге шыққан адвокат, көлігінің тежегіші істен шығып, кейін өртене бастағанын хабарлады.
Желіде блогер Руслан Жанпейісовтың түрмеден шыға салып, Тоқаевқа үндеу жолдағанын, енді полиция қызметкерлерін видеоға түсірмеуге уәде бергенін талқылады.
Желіде Қазақстаннан соңғы 30 жылда 200 млрд АҚШ доллары шетел асып кетті деген мәліметті талқылады.
Желіде "Бейбіт жиын туралы" заң жобасының қазақша мәтінінде 422 қате кеткенін талқылады.
Желіде сенат "бейбіт жиындар туралы" заң жобасына өзгерістер енгізіп, мәжіліске қайтарғанын талқылады.
Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері «басшылық 200-ден аса қызметкерді ақысыз еңбек демалысына шығуға мәжбүрлеп жатқанын» айтады. Олардың сөзінше, мекеме әкімшілігі мұны алдын ала ескертпеген.
Мамырдың 12-сінде ұлттық экономика министрлігі "сәуір айында азық-түлік бағасы 1,9 пайыз қымбаттап, жылдық өсім 10,4 пайызға жеткенін" хабарлады. Бұл – 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың табысы көбейген сайын салығын да арттыру керек деген ұсынысын талқылады.
Алматы облысы Талғар ауданындағы Тереңқара ауылында тұратын 21 жастағы Сәбит Қаржаубаев елді мекеннің айналасында жайылымдық жер жоқ болғандықтан қолындағы азын-аулақ малды жол бойына жаюға мәжбүр екенін айтады.
Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылына Қытайдан көшіп келген Ауахан Ыдырысқызы бес айдан бері ықтиярхат ала алмай отырғанын айтады. Тиісті құжат пен тіркеуі болмағасын 75 жастағы әйел тегін медициналық көмек пен мемлекет мұқтаж жандарға бөлген әлеуметтік жәрдемнен құр қалған.
Қазақстанда карантинге байланысты тұрақты табысынан айырылғандарға үкімет 42 500 теңге беріп жатыр. Сол көмекті алғандардың бірі - 22 жастағы Аружан Нұрланова. Ол үкімет берген қаржысын тұрмысы төмен шаңырақтарға таратып жүр.
Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылының ондаған тұрғыны әкімдік алдына жиналып, азық пен көмек сұрады. Олар үкіметтен әлеуметтік көмекті бөліп-жармай беруін талап етеді. Ал әкімдік өкілі тұрғындарға карантин тәртібін түсіндіре алмай жүргенін айтады.
Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде тұратын көп балалы әйел дәрігер көмегіне мұқтаж екенін айтады. Жалдап отырған тар бөлмеден шыға алмай жатқанына да бір ай болған. Сөзінше, дәрігер шақырса ешкім келмейді.
16 наурызда Ұлттық банк «теңге курсын ұстап тұруға араласпаймыз» деп мәлімдеме жасаған соң ұлттық валюта күрт құнсызданып, доллар кейбір валюта айырбастау орындарында 450 теңгеден сатыла бастады. Қазір 1 доллар, орта есеппен, 434 теңге тұрады.
Тағы