Алматыда тауға жақын саяжай тұрғындары жаңадан басталған құрылысқа тоқтатуды талап етеді. Айтуларынша, коттедж қалашығы салынады делінген аумақ Алматы обсерваториясына жақын. Тұрғындар жер жеке меншік болса да, алма бақтың оталуына, ғимарат салынуына қарсы. Ал әкімдік құрылысқа "рұқсат бермеген".