28 ақпанда Алматыда полиция бейбіт митингіге жиналған белсенділерді кеттлингке алып, кейбінін ұстап әкетті. Наразылыққа келгендер биліктен саяси себеппен қамауда отырғандары босатуды, президенттіктен кетсе де, билікке әсер етіп отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың орнынан толық кетуін талап етті.
28 ақпанда, Қазақстанда билікке қарсы бейбіт митинг өтетін күні, полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа қалаларда күзет күшейтіп, наразылыққа шыққандарды "кеттлингке" алды, ұсталғандары да бар.
Қазақстанның бірқатар ақын-жазушысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа диссидент, ақын Арон Атабекті босату сұрап, ашық хат жазды. Ол Алматыдағы Шаңырақ оқиғасынан соң сотталып, 15 жылдай уақыт түрмеде отыр. Құқық қорғаушы Аронның екі қолы көтерілмей қалғанын айтады.
Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған белсендінің бірі, 2018 жылы терроризм айыбы бойынша сотталған Алмат Жұмағұловты сот мерзімінен бұрын босатпады.
Желіде көшеде ілінетін көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде де жазуын және қазақша мәтінде қате болмауын міндеттейтін заңды талқылап жатыр
Қазақстанда сот "экстремист" деп таныған ҚДТ мен "Көше партиясы" қозғалыстарына қатысы бар делінген белсенді Қанат Жақповтың ісі қарала бастады. Адвокат "қылмыстық іс негізсіз қозғалған" дейді.
Желіде боксшы Ермахан Ибрайымовтың Қазақстандағы кедейшілік жайлы айтқан пікірін талқылап жатыр.
Қазақстандағы адам құқығына қатысты қарар қабылдаған Еуропарламент есебінше, елде 26 саяси тұтқын бар. Оның бірі Макс Боқаев бостандыққа шыққан. Қалған 25 адам әлі қамауда. Оның бәрін босатып алу керек деген қазақстандық белсенділер мен құқық қорғаушылар арнайы комитет құрды.
Полиция жасағының 10 қаңтар күні сайлауға қарсылық білдіргендерді 10 сағатқа жуық қоршап алып, ешқайда жібермей қоюын прокуратура заңсыз әрекет деп есептемейді.
Өткен ғасырдың 30 жылдарындағы қазақ халқының жартысына жуығы қырылған ашаршылықты сенат спикері Мәулен Әшімбаев "саясиландырмаған жөн" деді. Желі Әшімбаевтың осы сөзін талқылады.
Желіде Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Қалетаевтың кеңесшісі мінген көліктің Киевте жол ережесін бұзғанын және Нұр-Сұлтанда кранмен көтерген сиырды талқылады.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы Бөкен Жұмағали өзін "қарабет" деген белсенділер үстінен арыз жазып жатыр. "Қаһарман" құқық қорғау ұйымының дерегінше, қазірге дейін кемінде төрт азаматтық белсендінің полковник арызынан соң "жала жабу" бабымен сотқа тартылғаны белгілі.
Үш жылдан аса абақтыда отырған белсенді Кенжебек Әбішевтің абақтыдан ерте босап шығуына Алматы облысының прокуратурасы қарсы болды. Ақпанның басында Қапшағай соты оның түрме жазасын шартты жазаға ауыстырған еді.
Желіде Жоғарғы сот судьясының 8 мың доллар пара алып ұсталғанын талқылады.
Алматыда оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды. 11 ақпанда бір топ адам мемлекет қайраткері, оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының зиратының басына гүл қойып, марқұмның әруағына құран бағыштады.
Желіде Нұр-Сұлтандағы жемқорлық дауымен тоқтап қалған Астана-LRT құрылысы қайта басталуы мүмкін деген жаңалықты талқылап жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавлда "Нұрлы жер" бағдарламасы төңірегінде шу шықты. "Жас өркен" ықшам ауданындағы 12 қабатты тұрғын үй алдында 20-дан астам қала тұрғыны жиналып, шағым айтты. Тұрғындар "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында байқаудан өткен, бірақ әлі күнге дейін үйлерін ала а
Алматыдағы Қытай консулдығы алдына үш адам наразылық акциясын өткізді. Олар ағамыз мен күйеуімізді Қытай билігі жібермей отыр дейді. Күзет қызметі наразы әйелдерді елшілікке жақындатпауға, журналистерге видеоға түсіртпеуге тырысты. Ал әкімдік акцияны заңсыз деп атады.
Макс Боқаев 2016 жылғы жер митингісіне дейін де азаматтық белсенді болған. Ол Атыраудың экологиялық проблемасын көтеріп, түрлі акцияға қатысқан. Жергілікті мәслихатқа депутат болуға да ұмтылған. Боқаев кім?
2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жылға сотталған Макс Боқаев 4 ақпанда Атыраудағы түрмеден босап шықты. Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атаған Боқаевты елдің әр аймағынан жиналған ондаған адам қарсы алды. Саясаткерлер мен белсенділер "Боқаев жазықсық түрмеде отырды" дейді.
Тағы