Қазақстанда құқық қорғаушылардың "саяси тұтқындар" тізімі алты адаммен толықты. Олар – оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай және қоғамдық белсенділер Ермек Нарымбаев, Дархан Уәлиев, Орынбай Оқасов, Айбек Сәбитов пен Мұратбай Баймағамбетов.
Қаңтар оқиғасында жараланған, шабуылға ұшыраған, ұсталған журналистер саны 40-қа жуықтайды. Бұл 3 мамыр – дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күнінде «Әділ сөз» ұйымы таратқан ақпарат. Ал «Шекарасыз тілшілер» ұйымының биылғы баспасөз еркіндігі рейтингінде Қазақстан 180 елдің ішінде 122-орында тұр.
Оппозициялық "Дат" газетіне биыл 24 жыл. Өткен ғасырда ашылған газет тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырға жуық тарихынан хабар таратып келеді. 3 мамыр - Бүкіләлемдік баспасөз еркіндігі күніне орай Азаттық "Даттың" тар жол, тайғақ кешу хикаясын ұсынады.
БҰҰ бас хатшысы Мәскеуден кейін Украинаға барып, қираған қалаларды аралап жүр. Батыс елдері украин әскерін қаруландырып жатыр. Путин тағы да ядролық қаруын айтып, сес көрсетті.
Желіде ресейлік журналист Тигран Кеосаянның дауы әлі жалғасып жатыр.
Желіде Ресей бас пропогандистерінің бірі Тигран Кеосаянның қазақтарға қаратып айтқан сөзін талқылады.
Желіде Конституцияға Нұрсұлтан Назарбаевты "тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" деп бекіту ұсынысын талқылады.
Конституцияға "тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған — Тұңғыш президент" деп жазуды ұсынған жұмыс тобын жұрт сынға алды. Тоқаев құрған заңгерлер мен құқық қорғаушылар тобы 25 сәуірде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы осылай жазуды ұсынған.
Алматыда 24 сәуір күні Шоқан Уәлиханов алаңына барып, митинг өткізген бір топ адамды полиция ұстап әкеткен. Кейбіреуін әкімшілік қамауға алып, біразына айыппұл салған. Қаңтар оқиғасынан кейін қамауда жатқан күйеуін босатуды сұраған екі әйел айыппұлды ескертуге ауыстыруды талап етті.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды. Прокуратура желіде тараған ақпаратты растап, оның Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікке ілінгенін хабарлады. Қаңтар оқиғасы кезінде депутат "Дикий Арманмен" адамдарды ұйымдастырып, алаңға шыққан видеолар тараған еді.
Қазақстанның бас прокуратурасы қаңтар оқиғасына қатысушыларға әлдебіреулер "20-дан 100 долларға дейін ақша төленгенін" айтады. Бірақ көтерілісте жүрдік дегендер бұны жала деп есептейді. Құқық қорғаушы сөзінше, билік жұртты наразылыққа өз еркімен емес, ақша төлеген соң шықты деп сендіргісі келеді.
Желіде қазақша сөйлеген Спанч Боб мультфильмі мен қазақ тілінде ақпарат тарата бастаған Nickelodeon арнасын талқылады.
Желіде Қазақстан Ресейдің "Сбер" компаниясымен "цифрлық үкімет құру" келісімінен бас тартқанын талқылады.
Ақтөбеде қаңтар оқиғасынан бері изоляторда жатқан азаматтың әйелі 7 баласын ертіп, облыстық прокуратураға барды. Ол күйеуі 36 жастағы Нұралы Шахкөзовке бостандық сұрайды. Әуелі әкімшілік жазаға тартылған азаматты тергеу кейін "әуежайды басып алмақ болды" деп айыптап, іс қозғаған.
Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан Өзбекстан азаматы Зиятжан Қошқаровтың отбасына әлеуметтік желі арқылы жиналған ақшаға Алматының шетіндегі Құмарал ауылынан үй салынып жатыр. Бұрын сол жерде сыз басқан времянкада тұрып келген Светлана Сәрсенбаева қазір уақытша пәтерге көшірілген.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін 6 жыл басқарып, қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны хабарланды. Бұл ақпарат оны қолдау мақсатында ашылған ресми сайтқа шықты. Бірақ комитет оның ісін аса құпия түрде жүргізіп жатыр.
Қаңтар оқиғасында Алматыда оққа ұшқан Арнұр Балтабайдың денесі үш айдан кейін қайта қазып алынған. Марқұмның отбасы мемлекеттен істі әділ тергеуді, оқ атқан адамды жазалауды талап етеді. 26 жасында қайтыс болған азаматтың артында жары мен үш баласы қалған.
Қаңтардағы дүрбелең кезінде қызылордалық 61 жастағы белсенді Айтбай Әлиев қаза тапты. Оқ оның қарақұсына тиген. Жылдар бойы митингілерге шығып, билік қудалауына ұшыраған белсендінің өлімі туыстарын есеңгіретіп тастаған. Жақындары қазаның "жұмбақ тұстары" бар дейді.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевты кәсіпкерлер бизнесімді тартып алды деп айыптап жатса да, әлі ресми жауап бермеді. Азаттық тілшілері оның өзіне, көмекшілеріне телефон шалып байланыса алмады. Азаттық Алматыда кіші Назарбаевқа қарайтын бизнес нысандарын топтап шықты.
8 қаңтар күні әскерилердің оғы тиіп, жараланғандардың бірі - Ғанибет Нүсіпахмет. Ол өзін кім атқанын біледі. Әскерилердің аты-жөні полицияға да белгілі. Бірақ Ғанибеттің ата-анасы "ешкімге шағымымыз жоқ" деп қолхат жазып берген. Ол "билік өтемақы төлемей қоя ма" деп алаңдайды.
Тағы