Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған - Әділбек Жақсыбеков, Нұрлан Нығматулин және Асқар Маминнің мейрамханада шүйіркелесіп отырған фотосы тарап кетті. Желі жұрты осы фотоны сан-саққа жүгіртті.
Ұлттық банк есебінше жыл соңына қарай Қазақстанда инфляция деңгейі 18 пайызға дейін өсуі мүмкін. Соған сәйкес тауарлар да қымбаттай береді дейді төраға Ғалымжан Пірматов. Бұл әсіресе, табысы төмен тұрғындарға қиын тиеді.
Қазақстан тарихында 6 рет президент сайлауы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзге жетінші президент сайлауын жариялады. Азаттық осы саяси науқандарда оппозициядан қандай кандидаттар қатысқанын және қатыса алмай қалғанын түгендеп көрді.
Желіде президент Тоқаевтың жолдауы мен күзде өтетін кезектен тыс президент сайлауын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Өзінің өкілетін қысқартып, саяси науқанға қатысуға дайынмын деді. Саясаттанушы Димаш Әлжанов мұны Тоқаевтың өкілетін ұзарту үшін жасалған саяси ойын деп санайды.
СССР-ды ыдыратып барып биліктен кеткен Михаил Горбачевтің қазасы жайлы әлемнің және Қазақстанның жұртшылығы не деп жатыр? Советтің соңғы әрі жалғыз президенті қандай қайшылықты тұлға болса, ол туралы пікір де әралуан.
Алматыда пәтер құны да, оны жалдау да қымбаттап жатыр. Оқу маусымының қарсаңындағы қарбалас, бағаның көтерілуі жыл сайын байқалатын құбылыс. Бірақ биыл бұрынғыдан баға айырмашылығы қатты байқалады. Қолайлы бағаға пәтер таба алмаған студенттер далада қалғандай күй кешіп жүрміз дейді.
Украинаның тәуелсіздік күні – 24 тамызда Ресейдің соғыс бастағанына алты ай болды. Майдан шебінде өзгеріс жоқ. Мәскеу мейрам қарсаңында шабуылды үдетті.
Қазақстанда дизель тапшы. Жүргізушілер бір аптадан бері жанармайды сатып алу проблемаға айналғанын айтады. Бекеттер талонмен сатуға көшкен. Жыл сайын қайталанатын проблеманы үкімет сату көлемін шектеумен және шетелдіктерге бағаны көтерумен шешпек.
Шымкентке кете алмай, Алматыдағы теміржол вокзалы мен автобекетте сарсылып жүрген Дархан Дүйсебаев Қаңтар дүрбелеңіне тап болады. 5 қаңтарда екі оқ тиіп, ауруханаға түскен жігітті үш күннен соң абақтыға әкеткен. Айтуынша, тергеушілер аяусыз азаптаған және денесіндегі оқтың біреуі әлі алынбаған.
19 тамызда Жамбыл облысында шекара қызметінде 18 жастағы жауынгер Бекбол Мираш «өзіне қол жұмсап, мерт болды». Екі күн бұрын Атырау облысында да шекарашының «жүрегі тоқтап» қайтыс болған. Қорғаныс министрлігі суицидтің көбеюі көп жағдайда әскери қызметпен байланысты емес деген ұстанымда.
Қара жұмысқа жалданып, жан бағып жүрген 40 жастағы Амангелді Жарақашов - Қаңтар дүрбелеңінде оққа ұшқандардың бірі Денесі 9 кұннен соң мәйітханадан табылған. Қалай өлгені белгісіз, атқандар табылмады. Денсаулығы жоқ әйелі салынып бітпеген шағын үйде үш баламен жесір қалды.
12 тамыз, жұма күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев астанада зәулім мешіттің ашылуына қатысты. Оның іргетасын Назарбаевтың өзі 2019 жылы президенттіктен кетерінен бір күн бұрын 18 наурызда қалаған.
Қазақстанда кейінгі кезде кейбір сайт редакторлары кибершабуыл қайта жиілегенін айтып, дабыл қақты.
Диссидент, ақын Арон Атабекті ақтау және саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тану туралы арызды бас прокуратура қанағаттандырмады. Арыз иесі Аронның қызы Алма Нұтышева әкесін ақтау үшін әрекет етуді тоқтатпаймын дейді.
Саят Әділбекұлына "Жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Алматы прокуратурасының қаулысы шықты. Әділбекұлы енді өзін тергеуде азаптаған құқық қорғау қызметкерлерін жазалауды сұрайды. Оның шағымы бойынша қозғалған іс дұрыс тергелмей жатқанына наразы.
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың ескертуіне қарамастан, Тайваньға ұшып барды. Тайбэйде ресми кездесулер өткізіп жүр. Пекин Пелосидің сапарын Қытай егемендігіне нұқсан келтіру деп бағалап, аралмен шекаралас аумақта әскери жаттығу өткізді.
31 шілдеде Алматыдағы "Алматы Арена" спорт кешенінде Украинаны қолдау концерті өтті. Қайырымдылық шараға украиналық әртістермен бірге қазақстандық әншілер де қатысты. Бірақ концерт залына Украинаның туын алып кіруге, басқа да саяси символдарды көрсетуге тыйым салынды.
Қазақстанда оқимын деп, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мен Ираннан келген отыз шақты ұлты қазақ студент жоғары оқу орындарының грантына конкурсқа қатыспай қалады. Олар бір жыл бойы даярлық курсынан өтіп, стипендиялық бағдарламаға ілікпегеніне қапалы.
Қазақстан билігі сайлау туралы заңға өзгеріс енгізгелі жатыр. Дауыс берудің әділ өтуін бақылайтын ұйымдар заң жобасын "тәуелсіз бақылаушыларды сайлаудан шеттету амалы" деп бағалады. Әділет министрлігінің ұсынысына қарсы пикетке шыққан белсендіге сот айыппұл салды.
Тағы