Қазақстаннан 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында қаза тапқан адамдардың аты-жөнін, өлімнің жай-жапсарын, азаптау фактілері мен ол бойынша жүргізілген тергеу туралы барлық деректі жариялау сұралып отыр. Мұны Қазақстанның кезекті есебін тыңдаған БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті талап етті.
Павлодарда құрылысы жүріп жатқан және салынып біткен ондаған ғимарат дауға қалып отыр. Тағы бірнеше үй сот шешімімен бұзылмақ, көбі – тұрғындар пікірін ескермей, көпқабатты үйлер мен рекреациялық аймаққа жақын салынған нысандар. Бір-біріне жапсарлас тұрған үйлер – елдегі көп қалаға ортақ мәселе.
Ресей ақпарат құралдары өткен түні Украина қарулы күштері Кремльге дронмен шабуыл жасағаны туралы жазып жатыр. Әлеуметтік желіге видео да тарады. Мәскеу тұрғындары күн күркірегендей дауыс естігенін айтқан.
Қазақстанда ND Youtube арнасының авторы, журналист Думан Мұхаммедкәрім 25 күнге қамалды.
Оралдық журналист әрі азаматтық белсенді, мәжіліс депутаттығына кандидат болған Лұқпан Ахмедияров сайлаудан кейін парламенттен емес, түрмеден бір-ақ шықты. Ол заңсыз митинг өткізгені үшін 15 күнге қамалған. Әкімшілік қамаудан шыққаннан кейін ол Азаттыққа сұхбат берді.
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Серік Күдебаев 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Үкім күшіне енсе, ол жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейді.
Бішкек соты Азаттықтың қырғыз редакциясының жұмысын тоқтату туралы үкім шығарды. Мұның астарында не жатыр? Елден қашқан генерал Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, Қазақстанға қайтарылды.
Украин саясаткері Алексей Гончаренко Еуропарламентте Қазақстан Ресейдің ақпараттық шабуылына ұшырап жатыр деп мәлімдеді. Ол Украинадағы жағдай қайталанбас үшін бұған жол бермеу керегін айтты.
Біздің зерттеуіміз Хабибула Абдуқадыр мен оның отбасына және олардың қалайша Орталық Азия мен одан тыс жерлерде саяси байланыстары бар мықты инвесторға айналғанына арналады.
Қырғызстандық Азамат есімді мигрант оккупацияланған Луганскіге жұмыс істеуге барып, қазір еліне қайта алмай жүр. Ресей мен Украинаға да бара алмайды. Ол жақта Азаматты жаза күтіп тұр.
Тағы