Ресей Украинаға басып кіргелі 2 жыл болды. Соғыстың жақын арада тоқтайтын түрі көрінбейді.
Қазақстанда қызылша ауруына шалдыққандар 2023 жылдың аяғында анықтала бастаған. Жұқпалы дерт содан бері бәсеңдемей келеді. Қазір балалар ғана емес, ересектер де ауырып, қызылша жұқтырған адам саны күн сайын көбейіп барады.
АҚШ президенті Байден Ресей президентін "иттің баласы" деп балағаттады. Қазақстан президенті Тоқаев Путинді "жаһанның күн тәртібін қалыптастырып отыр" деп мақтады.
Buro Media, Verstka және OCCRP әскери қаруға қажет бөлшектер жасауға қолданылатын жоғары технологиялық жабдықтарды Еуропадан Ресейге жеткізудің "жалған транзит" жолын әшкерелеген жаңа зерттеуін жариялады. Журналистер Ресейге сатуға тыйым салынған тауар қазақстандық компанияның тапсырысымен алынып, Беларусь арқылы жеткізілгенін анықтаған.
Қазақстанда экс-президент Назарбаевтың ескерткіштері бірінен соң бірі тұғырынан тайып жатса да, Алматыдағы ескерткіші әлі орнында тұр. "Оны алып тастау жоспарда бар ма?" деген сауалға қала әкімдігі әлі жауап бермеді. Ал тұрғындар уәжі әр түрлі.
Халықаралық спорт олимпиадаларынан шектелген Ресейде "Болашақтың ойыны" турнирі басталды. Ашылу салтанатына Орталық Азия президенттері де қатыспақ.
Ақжан мен Дарьяға балаларының әр басқан қадамы уайым, өйткені олар гемофилияға шалдыққан. Құлап не бір жерін жаралап алса қан тоқтамай ағады. Мұндай жағдайда балаға тек арнайы екпе көмектеседі. Азаттық осындай дертке душар болған балалардың ата-аналарымен сөйлесті.
Түрмеде өлген орыс оппозиционері Алексей Навальныйдың мәйіті туыстарына әлі берілген жоқ. ||Алматыда заңгерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған "Ұлттық құрылтайды" тіркелмеген ұйым деп атап, сотқа арыз жазды. || Маңғыстауда өрт сөндірушілер ереуілдеп жатыр.
Владимир Путиннің оппоненті, ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдің түрмеде көз жұмғаны хабарланды.
14 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің екі жүзге жуық студентінің жеке дерегі, арасында қыздардың жыныстық өмірі жөніндегі мәліметі бар ақпарат желіге тарап кетіп, қоғам наразылығын тудырды. Алматы прокуратурасы қылмыстық бап бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Ұрып-соғып, пышақтап, айдалада қалдырған. Орал көшесінен өлі табылған Нариман Рагуфтің қазасына күдікті ретінде жергілікті судьяның ұлы мен оның танысы тұтқындалып, істі болды. Оларға "Бұзақылық" және "Адам ұрлау" баптары бойынша айып тағылған.
Былтыр көктемде Орал қаласының маңынан денесінде пышақ пен соққы іздері бар 21 жастағы жігіт өлі табылған. Тергеу бұл оқиға кісі өлтіруге жатпайды деп ұйғарды. Күдікті екі жас жігіттің үстінен қозғалған іс бір жылдай уақыт өткенде сотқа жетті. Күдіктілердің бірі – судьяның ұлы.
Салықтың салмағы. Алматыда кәсіпкерлер әкімдікке келіп талап айтты. // "ҚазМұнайгаз" Маңғыстауда ереуілдеп тұрған жұмысшылар мемлекетке 1 млрд теңге шығын келтірді деп мәлімдеді. // "Қазақстан орыс тілін шектеп жатыр" деген ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің тауарлары сөрелерден алынып жатыр.
Қарағанды облысының тұрғыны Жанна Әсембаева өзін Абай қаласының полиция қызметкері әріптесінің көзінше зорлағанын бір жылдан бері дәлелдей алмай жүр. Айтуынша, ер адамның жанындағы куәгер әріптесі де оны зорламақшы болған, сол әрекетіне қарсылық танытқан қызды ұрып-соққан.
Түрмедегі сұхбат. Желіде Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтірді деп сотталған Рустам Ибрагимовтың видеосы тарады. Ол істі қайта тергеуді сұрайды.
Астана соты экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына кесілген 8 жыл жазаныың үстіне тағы 3 жыл қосты.
Журналист, азаматтық белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің әуелде ашық болады деп хабарланған сотын судья жабық өткізу туралы шешім шығарып, жиналғандардың көбі залға кіре алмай қалды. Адвокат судьяның өзіне сенімсіздік білдірді.
Тағы