Желіде "өз ісіне берілген" мұғалімнің видеосын талқылап жатыр.
Желіде министр Тимур Сүлейменовтың "ЕАЭО елдерінде ортақ электронды валюта енгізуге қарсымын" деген сөзін талқылап жатыр.
"Жалған куәлік етіп, өтірік айтты" деп айыпталған шымкенттік белсенді Сүйін Абулда бес жылға сотталды. Бұған дейін Шымкент қалалық тұрғын үй инспекциясының бұрынғы басшысы Марат Жұманов бір танысын пара беруге мәжбүр болдым деп айыптап, сотқа арызданған.
Шымкенттің Шұбарсу ауылында баспанасыз екі отбасына тұрғындар үй салып беріп, асырап отыр.
Бүйрек ауыстыруға мұқтаж талғарлық жалғыз басты Ермек Бөгенбаев өздігінен жүріп-тұра алмай қалған. Бар мақсаты - бүйрек ауыстыру. Бірақ елде трансплант орган тапшы.
Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорын жұмысшылары бір жарым жылдан бері жалақыларымызды ала алмай келеміз дейді. Серіктестік басшыларының қызметкерлерге берешек қарызы 10 миллионға жеткен.
Шымкентте бюджет есебінен салынып, жетімдер мен мүгедектерге берілген тоғыз қабатты тұрғын үйден ақау шықты. Тұрғындар жел соғып, жауын жауса, шатырдан су ағып, әбігерге түсетіндерін айтады.
Алматыда отыз шақты тұрғын Денсаулық сақтау министрлігінің реформасы мен бұйрығына қарсылық білдірді. Балалары қант диабетіне шалдыққан ата-аналар "былтыр тегін емдеулуден айырылып едік, енді биыл тегін дәрі тізімі қысқарып барады" дейді.
Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" деген мақаласын талқылап жатыр.
Алматыда "Қамауға алынғандардың құқығын қорғау бойынша коалиция" өкілдері Қазақстан түрмелеріндегі азаптау туралы мәлімдемелердің кейбірін "арандату" деп сипаттады. Құқық қорғаушылар мұнымен келіспейді.
Алматыда алпыс шақты бала ата-аналарына бостандық сұрады. Қытайға түрлі себеппен барып қайта алмай я қамалып қалғандардың Қазақстандағы балалары не күйде?
2 қарашада Алматыда Қырғызстанның экс-депутаты Дамирбек Асылбекуулуның соты басталды. Ол 11 адаммен бірге "шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды" және “трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты” деп айыпталған. Үшеуі - Қырғызстан азаматы, қалған тоғызы - Қазақстан азаматы.
Солтүстік Қазақстан облысында шөп бағасы қымбаттады. Былтыр бір трактор шөптің бағасы 25 мың болса, биыл оның бағасы 35-40 мыңға дейін жеткен.
Алматыда бірнеше үкіметтік емес ұйым өкілдері қала мектептеріндегі тамақ сапасын тексерген. Ұйымдардың мәлімдеуінше, он мектептің екеуінде ғана тамақ сапасы белгіленген стандарттарға сай болған.
Павлодар өңіріне Қытайдан бір жарым жыл бұрын көшіп келген екі отбасы балаларын Қазақстанға әкеле алмай отыр.
"Мұзбалақ" мультфильмінің көрсетілуі мезгіліне көңілі толмайтындар бар. Қазақстанда жуырда ғана прокатқа шыққан туындының қазақша нұсқасына қатысты түсінбеушілік туындады.
Кәсіпкер Ескендір Ерімбетовке қатысты сот дүйсенбі күні кешке аяқталды. Судья Ерімбетовты айыпты деп танып, оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ. Енді туыстарының 15 күн ішінде аппеляциялық шағым беруіне мүмкіндігі бар. Ал бүгін Алматыда Ерімбетовтың жа
Павлодар өңіріне Қытайдан көшіп келген Пәттігүл Төлеген бір жарым жыл бойы күйеуін Қазақстанда күтіп жүр. Оның сөзінше, Қытай жолдасы Тұрған Тұрдықожаны қызметіне байланысты Қазақстанға жібермей қойған. Екі елдің арасында бөлініп қалған отбасының тағдыры.
Алматы облысындағы ЛА155/12 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Аманжол Тұраровтың әйелі Аяжан Сүлекеева "күйеуімді колонияда ұрып-соқты" деп шағымданды.
Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан бірнеше азамат аштық жариялады. Олар сотталғандар жәбір көрсе де, тергеу жүргізілмейтініне наразы.
Тағы