Қазақстанның бірнеше қаласында жергілікті белсенділер "елде саяси қуғын-сүргін болмауын" талап етіп, 31 қазан күні митинг өткізетін айтып, әкімдікке бірнеше рет ескерту жіберген. Бірақ билік түрлі себеппен келісім бермей отыр.
25 қыркүйекте өтеді деген митинг қарсаңында Қазақстанның түрлі аймағында белсенділер ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды. Құқық қорғаушылардың есебінше, соңғы үш күнде жүзден астам белсенді қамалған. Жұма күні таңнан бастап бірнеше аймақтағы белсенділердің үйіне полиция келіп, әкетіп жатыр.
Желіде қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуін талқылады.
Нұр-Сұлтанда екі белсенді қамалды. Полиция бөлімшесіне жеткізілген оларға "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айып тағылған. Белсенділер мұны 25 қыркүйекке белгіленген митингінің қарсаңындағы қорқытып-үркіту деп санайды.
50 жастағы алматылық суретші Сәуле Сүлейменова қазақстандықтарға картинасы арқылы үндеу жасады. Қоқыстан жиналған мыңдаған пакеттен "Астана аспаны астында" картинасын салып, Алматы орталығына қойды. Суретші "қалдыққа ұқыпты қарамайтын қалалықтарға балаларының болашағы үшін өзгеретін сәт туды" дейді.
Желіде әншілер фонограммамен ән айтатын болса алдын ала ескертуді міндеттейтін заң жобасын талқылады.
Желіде президент Тоқаевтың реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес құру шешімі талқыға түсті.
Желіде Қазақстандағы ірі 100 компанияның топ-менеджерлеріне 37,5 млрд теңге сыйақы берілгенін талқылады.
Қырғызстанның Ош облысындағы Гулбаар ауылындағы кәрі де, жас та таза су ішіп көрмеген. Тұрғындар таңертең шелегін ұстап, бірі – жаяу, бірі есекпен каналдан су тасиды. Мұндай мәселе елдегі әрбір үшінші ауылда бар.
13 қыркүйекте Алматыда несие амнистиясын талап еткен, "Қытай экспансиясы" мен жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдірген митингіге 200-ге тарта адам жиналды. Жиында "Тоқаев пен Назарбаев кетсін!" деген талаптан соң билік өкілі ұйымдастырушыларға "тақырыптан ауытқымауды" ескертті.
13 қыркүйекте Алматыдан бөлек, Ақтөбе, Семей мен Қарағандыда несие амнистиясын жариялау, саяси тұтқындарды босату, шетелдіктерге жер сатпау талабымен өткен митингіге шамалы адам қатысты. Өзге қалаларда билік митингіге рұқсат етпеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Новопокровка ауылындағы орта мектеп әлі жөнделіп бітпеген. Қолына күрек, сыпыртқы ұстаған мұғалімдер де жұмыс істеп жүр. 40 жыл жаңармаған оқу орнына қаражат кеш бөлінгендіктен жөндеу жұмыстары бөгелді дейді тұрғындар.
Қазақстанда мыңдаған дәрігердің вирус жұқтыруы нені білдіреді? Елдегі коронавирус статистикасы қалай "бұрмаланды"? Мемлекеттік органдар індетпен тиімді күресе алды ма?Азаттық осы және өзге де сұрақтарды алматылық дәрігер, белсенді Қайырғали Көнеевке қойды.
"KAZ Феррит" фабрикасының жұмысшылары наразылыққа шықты. Олар 500-дей адамның жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтып, фабриканың жабылмауын талап етеді. Әкімдік мәліметіне қарағанда, дау серіктес екі компания арасында басталған.
Кісі қолынан қаза тапқан ащысайлық кәсіпкер Нұрлан Ахметовтің жақындары марқұмның қырқын беруге әзірленіп жатқанда бір топ белсенді оның өліміне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа талап қойды.
"Онлайн оқу - толыққанды білім бермейді" дейді тәуелсіз сауалнама жүргізушілер. Бұл пікірді баласына жылдам интернет пен компьтер жетпейтінін айтқан ата-аналар да, мұғалімдердің құқығын қорғайтын сарапшы да қуаттайды.
36 жастағы нұрсұлтандық белсенді Айнұр Мырзалиева ақпан соңында кәмелет жасына толмаған екі баласымен жеті сағат полиция бөлімшесінде тергеуде болып, кейін үлкен сомада айыппұлға кесілді.
Желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын талқылады.
Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды. Ел бойынша 300 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Әдеттегідей емес, биылғы білім күнінің сән салтанаты аз, алғашқы қоңырау да соғылған жоқ. Елде коронавирус індетінің қаупіне байланысты оқушылардың көбі қашықтан білім алады.
Қырғызстанда парламент сайлауы қарсаңында дау шықты.
Тағы