Желіде Қазақстанла Ресей вакцинасының өндірісі басталғаны мен жаппай вакцинациялау жайлы талқылады.
16 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздігі күні елдің әр өңірінде тұрғындар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен трагедиясын еске алды. Бірнеше қалада белсенділер құрбандарға құран бағыштады. Жиынға бармақ болған кейбір адамды құзырлы орган қызметкерлері үйінен шыға бере ұстап әкетті.
Желіде 16 желтоқсан - Қазақстанның тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр.
Желіде Ресей думасының депутаты Евгений Федоровтың Қазақстан территориясы жайлы пікірін талқылады.
Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясына қарасты компанияның жүздеген қызметкері жалақыны көбейтіп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты. Жұмысшылар жұмыстың ауырлығын, жалақының аздығын айтып, басшылыққа талаптар қойды.
Түркістан облысы Арыс қаласында ондаған кәсіпкер қираған ғимаратын қалпына келтіре алмай жүр. Уәделі өтемақы жоғынан жұмысы тоқтап, тұрмысы қиындаған. Кәсіпкерлерге жәрдем ретінде ақша үлестіретін комиссия өкілі бұған "қаржының жоқтығы себеп" дейді.
Tranco Zhezkazgan ЖШС-нің екі жүзден астам жұмысшысы айлықты екі есе көбейтуді, жылына бір рет 13-жалақы төлеуді, емделуге жұмсаған шығынның орнын толтыруды, вахталық іссапарға шыққаны үшін тәулігіне 3000 теңге төлеуді талап етеді. Олармен Жезқазған қаласының әкімі кездескен.
Құқық қорғаушылар мен белсенділер парламент сайлауы қарсаңында жаңа қаулы шығарған Орталық сайлау комиссиясының үстінен шағым түсіріп жатыр. Олар "бұл құжат сайлауды еркін бақылау құқығын шектейтінін" айтады. Ал қаулыны түсіндірген ОСК "жұрт сыны орынсыз" деді.
Биыл шілдеде бір жылға сотталып, жазасын Жамбыл облысындағы ЖД-158/5 қоныс колониясында өтеп жатқан белсенді Санавар Закирова "өзге әйелдерден қауіп төніп тұрғанын" айтады. Сөзінше, колония басшылығы жанына өзіне күш көрсеткен әйелді отырғызған.
Желіде саясаттанушы Санжар Боқаевтың депутаттар санын қысқарту керек деген ұсынысы мен Ұлытауда қасқырға орнатылған 9 метрлік ескерткішті талқылады.
7 желтоқсанда Украинада 23 жастағы этникалық қазақ Ерсін Еркінұлы бір айдан аса қамаудан соң сот шешімімен босады. Украина шекарасында ұсталған жігіт қазір құжаттарын реттеп, болашағын жоспарлап жүр. Киев Еркінұлына "пана іздеуші куәлігін" берген.
Желіде Қазақстан Ресей вакцинасын өндіріп, ендігі жылдан ерікті түрде жаппай вакцина егуді бастайтынын талқылады.
Мал азығы үшін бөлінген субсидияны ала алмаған отыздан аса шаруа Ақтөбе облысы әкімдігіне барып, наразылық білдірді. Олардың сөзінше, мемлекет жәрдемін үлестіру кезінде заң бұзу көбейіп, фермерлер субсидиясыз қалған.
3 желтоқсанда Тараз қаласында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қазақ-дүнген жанжалына байланысты алдын-ала сот тыңдауы өтті. Күдікті 51 адамға түрлі айып тағылған.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын адамдарының бірі саналып келген кәсіпкер Болат Өтемұратов БТА банктен қаржы жымқыру ісінде жауапкердің біріне айналды. Ол айыпты жоққа шығарады. Ықпалды кәсіпкер активтеріне құлып салынуы нені білдіреді?
Қазақстандағы ең ірі мемлекеттік телеарна митингіні айыптайтын хабар шығарды. Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы "Тәлім Trend" бағдарламасы қараша соңындағы хабарында "бейбіт шерулер ел тыныштығын бұзады, қауіпсіздікке қатер төндіреді" дейді.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка ауданы Становое ауылының тұрғындары лай су ішіп отыр. Одан қалса қарды ерітіп, кір-қоңын сонымен жуады. Екі жыл бұрын тартылған су құбырынан қайран жоқ.
Қазақстанның экс-президенті Назарбаев "Нұр Отан" съезінде АҚШ-тағы сайлау мен Беларусьтегі толқуға қатысты бірнеше жалған дерек айтты. Азаттық экс-президенттің әр жылдары айтқан жалған деректері мен қарама-қайшы мәлімдемелерін шолып шықты.
Желіде 61 жасқа қараған шағында қайтыс болған футболшы Диего Марадонамен қоштасып жатыр.
Алматыда бір топ ерікті "Менің арманым" атты қайырымдылық қорын құрды. Олар онкологиялық ауруға шалдығып, ауруханада емделіп жүрген балалардың арман-тілегін орындайды. Қорға ата-ана мен бала өтініш береді. Еріктілер "мақсатымыз — көп уақыты емге кететін ата-ана мен бала көңілін сергіту" дейді.
Тағы