Әлемде радио құрылғылардың көмегімен «өлгендермен тілдесе алдым» деп есептейтін адамдар бар.
BBC-дің жазуынша, дауысты электронды проекциялау деп аталатын амал арқылы әруақтардың дауыстарын жазып алғанына иландырмақ болған адамның бірі - латыш дәрігері Константин Раудив (1909-1974). Ол дүниеден өтіп кеткен Гитлер, Сталин, Муссолини сияқты мемлекет қайраткерлерімен «қарым-қатынас орнатқанын» айтқан.
«Өлгендермен диалог» тікелей қарым-қатынас түрінде өтпейді. Зерттеуші сұрақ қойып, дыбыс жазатын құралын сол жерге тастап кетеді. Кейін құралдың не жазғанын тыңдаған кезде радио кедергілер арасынан адамдардың дауысына ұқсас дыбыстар естілген.
Константин Раудив осындай жазбалары (72 мыңдай жазба) негізінде жазған кітабын Колин Смиттің баспасында жарияламақ болған.
Бірақ Смит оның еңбектерін жариялау үшін әуелі баспа компаниясының басшылығына Раудив еңбектерінің жалған еместігін дәлелдеуі керек болатын.
Осылайша Раудив өзінің электронды сеанс жазбаларын Смиттің Жерар Кростағы (Англия) үйінде жазады, тіпті ондай сеанстардың біріне баспа басшылары да қатысады.
Константин Раудивтің осындай тәжірибелері негізінде жазған кітабы 1971 жылы жарық көрді.
ЖАЗБАЛАР МЕН ДАУЫСТАР
Басылымның жазуынша, Константин Раудив өзінің Гитлермен латыш тілінде сөйлескенін айтқан. Ол Гитлердің «лапылдап жағу» және «осындағы қызсың, әйтпесе мұнан құлайсың» деген сөздер айтқанына сендірмек болған.
Раудив жұмыс істеген үйден жеті катушка мен ондаған жылдар бойы ойнатылмаған жазу құралы табылған.
Мақала авторы Раудивтің кітабында жазылған жайттар мен сол кездегі жазбаларды тыңдап салыстырып көргенін айтады.
Мысалы, сол кезде жарияланған кітапта әлдекімнің орысша мынадай сөздері естілгені жазылған: «Стефан осында. Бірақ сен Стефансың. Сен маған сенбейсің. Бұл соншалықты қиын емес. Біз Петрусты үйретеміз».
Бірақ журналист жазу құралын тексерген кезде шиқылдан басқа ешқандай дауыс жоқ болып шыққан.
Гильз Брэндред есімді адам да Константин Раудивпен бірге марқұм Уинстон Черчилльдің дауысын жазғанына куә болғанын айтқан еді. Алайда ол мақала авторымен бірге отырып, сол жазбаны қайта тыңдағанда Черчилльдің даусына мүлде ұқсамайтын өзге бір дауысты естіген.
Өлілердің дауысын жазып алу амалы қазіргі кезде "әруақтарды аулаудың" үйреншікті тәсіліне айналып кетті. Өлгендермен тілдесу тақырыбына жүздеген интернет-форумдары арналған. Дыбыс жазу құралын «өлгендердің тірілермен тілдесуінің дәлелі» ретінде есептейтін өте білімді адамдар да бар.
Сондай жандардың бірі - Испанияда тұратын бұрынғы португал дипломаты, Instrumental Transcommunication Journal авторы Анабела Кардозо. Арнайы құралдармен жабдықталған студиясы бар Кардозо Раудивтің тәжірибелерін қайталауға тырысады.
«Мен жазған дауыстар қатты, анық әрі түсінікті» дейді ол.
Мақала авторы Кардозоның да жазбаларын тыңдаған - бірақ одан да ешбір ерекше құбылысты байқай алмаған.
АУДИО ИЛЛЮЗИЯҒА АЛДАНУ
Мақала авторы тыныш жерде тұрған жазба құралдарына жазылып қалған түсініксіз дыбыстарды "кезбе радио хабарламалардан келген кездейсоқ дыбыстар" деп түсіндіреді.
"Әдетте олар баяу болатыны соншалықты, статикалық кедергі сияқты естіледі. Олардың не айтқанын түсіну өте қиын. Сол себепті де "өлілердің дауыстарын" зерттеушілер оларды қайта түсіндіруге мәжбүр" деп жазады автор.
Ол Джоу Бэнкс есімді дыбыс режиссерінің "өлгендер студияның өзінде сөйлесе де, дауысты адамның өзі естігісі келгендегідей сенімді шығара алмайды" деген сөзін мысал етеді.
Бэнкстің болжамынша, "бұл дыбыстар - швед психологы Герман Роршах жасаған психодиагностикалық сынақтағы дақтардың дыбыстық эквиваленті".
"Өлілермен сөйлесу тәжірибесін жасап отырған адам парапсихологиямен айналысып отырмын деп ойлайды. Шын мәнінде ол өзінің психологиялық тәжірибеден еріксіз өтіп жатқанын сезбейді" деп жазады автор.
Мақала авторы "өлгендермен тілдесу тәжірибесін жасаушылар ақымақ емес, олар тек аудио иллюзияларға алданған" дейді.
Оның жазуынша, мұндай тәжірибені бастаған адамның өз-өзін тоқтатуы қиын.
"Константин Раудив кітабы шыққаннан кейін жан-жануарлардан дыбыстарынан әруақтардың "сөздерін" "аулай" бастаған. Оған мысал ретінде 14 жастағы өлген қыздың атынан сөйлеген тотықұсты атауға болады" дейді автор.
Қазір мұндай зерттеулермен АҚШ-тың Сиэтл қаласында тұратын Брайан Джонс та айналысып жүр.
"Ол шағала, ит, мысық, тіпті сықырлаған есік мен шықырлаған тастың дауысын да жазады. Олардың бәрінен әртүрлі үн шығады. Бір ит өзінің иесінен: "Шейла қайда?" деп сұрайды. Басқа бір ит: "Олар ылғи жүзіп кетеді" деп жауап береді" деп жазады мақала авторы.
Джонс өлгендермен тілдесу тәсілін түрлі қылмыстарды ашуға, инсульт салдарынан сөйлей алмаған адамдарды түсінуге қолданғысы да келеді.
"Өлгендермен тілдесу идеясының соншалықты қызық, ғажап әрі сағымдай алдамшы болуы - қалыпты психологиялық механизмнің адамдарды сенбейтін нәрсеге оңай сендіре салатынынан" деп түйіндейді автор мақаласын.

Стефан осында... Бірақ сен Стефансың... Сен маған сенбейсің...

Бір ит: "Шейла қайда?" деп сұрайды. Екінші ит: "Олар ылғи жүзіп кетеді" деп жауап береді.