Алматыдағы «Музыка мейрамы»

Your browser doesn’t support HTML5

«Музыка мейрамы» концертінде BugaraBu ұрмалы аспаптар тобы, Twinkle Jazz балалар скрипка ансамблі сахнаға шықты. Концерттің басты қонақтары Францияның Нант қаласынан келген Stabar квартеті болды. «Музыка мейрамы» жобасы 1982 жылы Францияда пайда болды. Оны бұл елде жыл сайын жаздың ең ұзақ күні - 21 маусымда өткізеді. Қазір Fête de la musique (француздар жобаны осылай атайды) шарасы әлемнің 100-ге жуық елінде өтеді. Бұл жобаның Алматыда өтуіне Қазақстандағы Франция елшілігі көмектескен.