Қазақстанда кейбір компаниялар қызметкерлерінің әлеуметтік желілерге кіруіне тосқауыл қойып отыр.
Алматы қаласындағы ұлттық компаниялардың бірінде жұмыс істейтін Нәзира Сейдуалиева жұмыс орнында көптен бері әлеуметтік желілердің ашылмайтынын айтты.
– Бізде «Мой мир», Facebоok-қа кіре алмайсың. Уoutube те ашылмайды. Жұмыстағылар басқа нәрсеге алаңдамас үшін ІТ-маман жауып тастаған. Бірақ кей кезде dai.dostup-пен (жабылған сайттарды ашуға арналған веб-анонимайзер – ред.) ұрланып кіреміз, - дейді Нәзира Сейдуалиева.
Ақтөбелік журналист Петр Троценконың айтуынша, редакцияда кейбір әлеуметтік желілер ашылмайды.
- Facebоok, Twitter, «Вконтакте» кедергісіз ашылады. Журналист болғандықтан, оларсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Ал «Мой мир» және «Odnoklassniki» мүлде ашылмайды. Бірақ «мail-агент» қосымшасы істеп тұр. Ол да дұрыс. Себебі ол адамды жұмыстан басқа нәрсеге алаңдатады. Керек болса, адамдар оларды үйінде пайдалансын, - дейді Петр Троценко.
ТОСҚАУЫЛ МЕН ЗАҢ
Өткен жылғы дерек бойынша, Ресейде - компаниялардың 64 пайызы, Украинада 50 пайыздан астамы қызметкерлерінің әлеуметтік желілерге кіруіне тосқауыл қойған.
Тек компаниялар ғана емес, әлеуметтік желілерге кіруге білім ордалары да біртіндеп шектеу қоя бастады. Мамандардың айтуынша, бұл үрдіс қазір Қазақстанда да басталған. Бірақ әзірге қандай және қанша компанияның қызметкерлеріне әлеуметтік желіге кіруге шектеу қойғаны туралы статистика жоқ.
Бұл әрекеттің дұрыс-бұрыстығы әлемде даулы мәселеге айналды.
Осы жылы Қырғызстандағы кейбір жоғары оқу орындары компьютерлік орталықтарда студенттердің әлеуметтік желілерге кіруіне шектеу қойды. Ал жергілікті құқық қорғаушылар «бұл студенттердің құқығын бұзады» деп мәлімдеді. Оқу орындарының басшылары «шектеу студенттердің уақытын тиімді қолдануға мүмкіндік береді» деген уәж айтты.
Қазақстандағы құқық қорғаушы Андрей Гришиннің айтуынша, «мұндай тосқауылдар заңға қайшы келмейді».
- Әрине азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабында әрбір азаматтың өз пікірін еркін айту, ақпарат іздеу, алу және тарату құқығы бар екені көрсетілген. Бірақ нақты жағдайларда мұндай шектеулер жұмыс берушімен келісім-шартта көрсетілгендей, белгілі бір уақытқа ғана қойылған. Жұмыс берушінің логикасы түсінікті - жұмысшылар жұмыс уақытында әлеуметтік желілерде «қаңғырып жүрмесін» дейді. Бұған қоса, еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші корпоративті ережелерді өзі белгілей алады. Сондықтан егер адам белгілі бір ресурсқа кіргісі келсе, онда жұмыс берушімен келісуі керек немесе жұмыс орнын ауыстыруға құқығы бар, - дейді Андрей Гришин.
«КӨП РЕДАКЦИЯЛАРДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ДЕ РҰҚСАТ ЖОҚ»
Блогшы Жалғас Ертайдың пікірінше, «бәрі де мекемелердің міндетіне байланысты анықталуы тиіс».
– Егер сіздің жұмысыңыз шектеулі аудиториямен ғана байланысты болса немесе тек механикалық жұмыс болса, онда жұмыс орнында әлеуметтік желіге кіруге тосқауыл қойған дұрыс, - дейді ол.
Оның айтуынша, елде «әлеуметтік желілердің маңыздылығын түсінбей, дүрмекке ілесіп ресурстарды жауып жатқан компаниялар көп».
– Бізде дәл осы салалық ерекшеліктерді түсінбей тосқауыл қояды. Мысалы белгілі бір клиенттермен жұмыс істейтін адамдар, қызмет көрсету саласына маманданған ұйымдар қызметкерлеріне желілерде отыруға тыйым салып жатады. Бұл - компанияның өзіне зиян. Соңғы кезде журналистерге қатысты да шектеулер болып жатыр. Көп редакцияларда байқағаным - әлеуметтік желілерге тосқауыл қойып, журналистерге кіруге рұқсат бермейді, - дейді Жалғас Ертай.
Сәуір айында Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің интернетке кіру мүмкіндігін шектейтін арнайы регламент әзірленіп жатқаны туралы ақпарат шығып, бұл мәселе қоғамда қызу талқыланды.

Журналистерге қатысты да шектеулер де болып жатыр. Көп редакцияларда байқағаным - әлеуметтік желілерге тосқауыл қойып, журналистерге оған кіруге рұқсат бермейді.