Шымкенттік жастар қайырымдылық акциясын өткізді
«Басқажол» жастар ұйымының жетекшісі Александр Вадалацкийдің айтуынша, жыл сайын дәстүрге айналған акцияны ауқымды өткізу үшін Шымкент қаласы әкімдігінен арнайы орын сұраған. «Әкімдік «мамыр айында жастарды жинап, акция өткізуге тыйым салды» дейді ол.
Салауатты өмір салтына жастарды тарту үшін жыл сайын ұйымдастырылатын акция биыл соғыс ардагерлерінің құрметіне өтті. Жиналған жастар кеуделеріне арнайы белгі таққан соң спорттық ойындарды ойнай бастады.
Акцияға қатысқан жастар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне көмек беру үшін қаражат жинады. «Жиналған қаражатты ардагерлердің қажеттілігіне жұмсайтын боламыз. Мысалы, төленбеген салығы не коммуналдық төлемдері болса, төлейміз» дейді олар.
71 рет жерден денесін көтеруге дайындалып тұрған жастар.
Акцияға қатысқан жастар.
15 жасар Маша да денесін 71 рет жерге тигізіп көтерді.
Жарысып жатқан жастар.
Акцияны тамашалап отырған көрермендер.
Акция аясында басқа спорттық жарыстар да өтті.