Оқушы Нұрсұлтан
Нұрсұлтан Жайдарұлы ата-анасымен бірге Алматы қаласынан шамамен 40 шақырым қашық орналасқан Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылдық округіне қарасты Жаңа құрылыс ауылындағы осы шағын, екі бөлмелі үйде тұрады. Қаладағы мемлекеттік мекемелердің бірінде күзетші болып істейтін әкесі Жайдар есік алдына 99 шаршы метр болатын үйдің іргетасын осыдан үш жыл бұрын құйған. Бірақ құрылысты бастауға қаражаты жеткіліксіз болғасын сол күйі қалған. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.
Бала Нұрсұлтан тұратын үйдің ішкі көрінісі. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.
Нұрсұлтанның үйі мен мектебінің арасы 3 шақырым. Себебі оның ата-анасы Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жалғамыс ауылының іргесінен түсіп жатқан "Жаңа құрылыс" ауылында тұрады. Ал мектеп Жалғамыстың орталығында орналасқан. Ол осы асфальт төселмеген қара жолмен күнделікті сабаққа барып қайтады. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.
Нұрсұлтан бос уақытында күшігімен ойнауды ұнатады. Кейде күшігі мектебіне дейін қалмай ілесіп барады. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.
Нұрсұлтан Жайдарұлы Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жалғамыс ауылындағы №15 жалпы білім беретін осы мектепте оқиды. Алматы, 1 шілде 2015 жыл
Жеті жасар Нұрсұлтан Жайдарұлы биыл екінші сыныпты үздік бітіріп, мадақ қағазын алды. Анасы Аяулым - Жалғамыстағы мектепте бастауыш сыныптың мұғалімі. Алматы, 23 мамыр 2015 жыл.
Нұрсұлтан - бір үйдің жалғыз баласы. Ол қолы босай қалса, әжесінің үйіне барғысы келіп тұратынын айтады. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.
Нұрсұлтанның өз үйі мен әжесінің үйінің арасы шамамен үш шақырымға жуық. Өйткені әжесі ол оқитын Жалғамыстағы мектепке жақын тұрады. Жақында Талдықорған қаласынан көшіп келген әжесі тауық, сиыр ұстайды. Нұрсұлтан күнделікті әжесіне келіп, бұзау суғаруды міндетіне алған. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.
Нұрсұлтан Жайдарұлы әжесі Қалдықыздың үйінде. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.
Бала Нұрсұлтан үйдің жанындағы қолмен қазылған құдықтан әжесінің үйіне шелекпен су тасып береді. Алматы төңірегіндегі көптеген ауылдар сияқты Жалғамыс пен Жаңа құрылысқа ауыз су мен газ құбыры тартылмаған. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.
Нұрсұлтан өжесі Қалдықызмен бірге тауықтарға жем шашып тұр. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.
"Атасы Еділ "Елбасымыздай мықты азамат болсын" деп атын ырымдап қойған еді" дейді әжесі Қалдықыз немересі туралы. Нұрсұлтанның атасы Еділ осыдан үш жыл бұрын дүние салыпты. Әжесі "немерем президент болмаса да, ел басқаратын азамат болса екен" деп армандайды. Алматы, 1 шілде 2015 жыл.