Алматыда халықаралық адам құқығы күніне орай өткізілген баспасөз жиынында мамандар Қазақстанда адам құқығы жағдайы барған сайын нашарлап бара жатқанын айтты.
Олар әсіресе азаматтық-саяси, сөз бостандығы, діни еркіндік, сотталушылардың құқығы сияқты негізгі салаларды атап өтіп, осы салалардағы азаматтардың құқықтарын шектейтін заңдарды («Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы», парламентке түскен «Телерадио хабар тарату туралы», т.б. заңдарды) сынады.
«КЕРІ КЕТУ»
«Сауығу» қоғамдық қорының президенті Ардақ Жанәбілова түрме жүйесін полиция қарамағына қайта өткізуді «кері кеткендік» деп бағалап, бұл қадамның жүйені ізгілендіру бағытына қарама-қайшы екенін атап өтті.
– Биыл бізде (түрмелерді) қоғамдық бақылау әлсіреп кетті. Бір жағынан, уақытша қамау изоляторы мен арнайы қабылдау бөлмелеріне кіру
Құқық қорғаушылар мұны «репрессивті модельдердің бірі» ретінде атап, қылмыстық атқару жүйесінің міндетін тиімді атқаруға көмектеспейтінін айтты.
«БІЗДІ ГОНДУРАСПЕН САЛЫСТЫРАДЫ»
– Адам құқығының бұзылып жатқанын айтқан кезде бізге кейбіреулер, олардың арасында шенеуніктер де бар, «Өзбекстанда, Түркіменстанда жағдай бұдан да нашар ғой» деп жатады. Бізді сонымен бірге Гондураспен салыстырады. Өкінішке қарай, уақыт өткен сайын Өзбекстан, Түркіменстанға жақындап бара жатырмыз. Бірақ неге екені белгісіз, ешқашан адам құқығының жағдайы жақсы елдерді мысалға алмаймыз, – дейді Денис Дживага.
Мамандар қазіргі кезде үкіметтік емес ұйымдар деңгейінде талқыланып, парламентке жөнелтілген «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заң жобасына қатысты наразы ойларын айтты. Олардың пікірінше, бұл заң жобасы қазіргідей «шикі» күйінде қабылданып кетсе, елдегі сөз бостандығы зор зиян шегеді.
– Үкімет дайындаған заң жобасында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерінің біріне «қоғамдық және жекелеген адамдардың санасын теріс ақпараттың ықпалынан қорғау, оның әсерін төмендету мен салдарын жою» «міндеті» кірген. Яғни заң жобасының авторлары ақпарат құралдарындағы кез-келген сынды ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіптердің санатына жатқызғысы келеді. Бұл Қазақстан тұрғындарының ақпарат алу мүмкіндігін шектеп, оны тарату құқығын бұзуы мүмкін, – дейді құқық қорғаушылар.
«ФАШИЗМ»
Тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың пікірінше, Қазақстан бір кездері адам құқығын қорғайтын заңдар қабылдап, бұл салада біршама ілгері басты.
– Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Украина, Қырғызстан, Грузиядағы жағдайлардан «сабақ алған» билік тоқтай қалды. Заңдарды
Сергей Дувановтың пікірінше, Қазақстан билігі араб елдеріндегі биылғы оқиғалардан соң мүлдем сасқалақтап, заңдарды қатайта бастады.
– Қазіргі кезде рұқсат етілмеген митингте 30 секундтан артық тұра алмайсың. Грузиядағы режимді көбісі «фашистік режим» деп атайды. Күндіз-түні оппозициялық телеарналары сарнап жататын Грузияны қалайша «фашистік режим» деп атауға болады? Саакашвилидің елінде бір ай бойы митинг жасауға болады. Бізге сондай «фашизм» жазсын! – дейді Сергей Дуванов.