"Ұлы Жібек жолы" туралы граффити
Суретшілер көпқабатты үйдің қабырғасына әуелі суреттің сызбасын түсіреді.
Сонан кейін сызбаның әр бөлігін әр түске бояйды. Бұл жұмыста алматылық шеберлерге жергілікті суретшілер де көмектесті. Шымкент, 5 шілде 2016 жыл.
Бес қабатты ғимараттың қабырғасына тұтас сурет салып шығу үшін суретшілер арнайы кранды пайдаланды. Шымкент, 5 шілде 2016 жыл.
Салт атты адам бейнеленген граффитиде Орталық Азияны мекендейтін бірнеше халықтың ұлттық ою-өрнегі кездеседі.
Граффитиді салып жатқан суретшімен əңгімелесіп тұрған жергілікті тұрғындар. Шымкент, 5 шілде 2016 жыл.
Граффити салу үшін Шымкентке Алматыдан келген суретші Дмитрий DMN. Шымкент, 5 шілде 2016 жыл.
Суреттердің күн сәулесі мен жауын-шашынға шыдамдылығы туралы сауалға Дмитрий: "Егер үйдің қабырғасы түсіп қалмаса, бояулар 10 жылға дейін реңін бермейді" дейді.
Алматылық суретшілер салып жатқан граффитиге жергілікті жастар қызығушылық танытты. Солардың бірі - Шымкент өнер колледжінің оқушысы Александра Погас. Шымкент, 5 шілде 2016 жыл.
Александра Погас граффити салушы алматылық шеберлердің өзге де жұмыстарымен танысып отыр. Шымкент, 5 шілде 2016 жыл.
"Нұрсəт" шағын ауданында көпқабатты тұрғын үй қабырғасындағы граффити. Шымкент, 5 шілде 2016 жыл.